"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сарбаздар ант қабылдады

04.11.2024
Сарбаздар ант қабылдады
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының саптық алаңында «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Сарбаз өміріндегі айтулы шараға Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Соғымбай Олжас Амангельдіұлы, ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Рахматуллаев Анвар Бахтиярович және Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының басшылық құрамы, ”Аналардың жүрегі” сарбаздар аналары кеңесі Республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша өкілі Татерова Айнур Баяхметовна, Шекарашы ардагерлердің “Застава тарландары” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Мақаншы ауданы бойынша филиалының ардагерлері және сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Отан алдындағы борышын өтеуге асыққан азаматтардың дәстүрлі әскери ант қабылдауы – Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыруды мақсат етеді. Шараның мақсаты – бейбіт күннің батырлары ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Биылғы «Күз-2024» шақырылымы бойынша еліміздің барлық өңірлерінен жасақталған 261-ге жуық сарбаз айбынды шекарашылар қатарын толықтырды. Ел шебін күзетуге сап түзеген сарбаздарды Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Соғымбай Олжас Амангельдіұлы құттықтап, алдағы мәртебелі міндеттерін лайықты деңгейде атқаруларына сәттілік тіледі. «Сіздердің әскери қызметтеріңіз – бос уақыт өткізу емес. Сіздерді жауапкершілікпен біздің шекараны қорғайтын, ұйқымызды тыныш қылатын, еліміздің абыройын көтеретін ең мықты әскери сарбаздар деп білеміз. Сол себепті қабылдаған әскери анттарыңызға адал болып өздеріңіздің кәсіби біліктіліктеріңізді шыңдап, елеулі азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспін», деді Олжас Амангельдіұлы.

Әскери қызметке енді аяқ басқан сарбаздар мен қатысушы қонақтар мен ата-аналарға музыкалық-сазды бағдарлама ұсынылды. Басқарма құрамындағы арнаулы мақсаттағы тобының ұйымдастыруымен жауынгерлік ұрыстағы жаттығулар көрермен назарына ұсынылды. Департамент басшылығы әскери ант рәсімінен кейін сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Биыл екінші шақырылым бойынша Абай облысының азаматтары өз облыстарында қалып әскери қызметтерін өтеуде.

«Қазір әскерге шақырылған күннен бастап сарбаздар Мақаншы ауданындағы оқу-жаттығу орталығында үш ай қызмет етеді. Содан кейін Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының шекара бөлімдеріне жіберіледі. Кейбірі мерзімді әскери қызмет өткеруді Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында жалғастырады. Демалыс және мереке күндері өнерімен ерекшеленген, иә спортта үздік шыққан сарбаздар үйлеріне жіберіледі. Мемлекеттік және ұлттық мереке күндері де сарбаз ата-аналарымен бірлескен шаралар ұйымдастырылады. Біз сарбаздарды алғашқылардың бірі болып, Шекара қызметіне шақырамыз. Егер кімде кім өз өңірінде әскери борышын өтегісі келсе, келесі көктемгі әскери шақыру өткізілетіні туралы хабарлаймыз», – деді ҰҚК ШҚ Абай облысы бойынша департаменті Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы подполковник Нүсіп Қуанышбек Нұржауұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

4 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

4 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС