"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында кәсіпкерлерге әлеуметтік бизнес бастауға қолдау көрсетілуде

20.11.2024
Абай облысында кәсіпкерлерге әлеуметтік бизнес бастауға қолдау көрсетілуде
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл өңірде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға гранттар бөлінген. Конкурска қатысу үшін кәсіпкерлер арнайы платформа арқылы жобаларын ұсынып, комиссия қаралымына жолдаған. Жобаларды іріктеу аясында комиссия 20 жобаны қарап, оның 16 жобасына грант берген.

Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жайлы арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Малікаждар атап өтті.

2024 жылы гранттар бағдарламасы өзгертіліп, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударылған. Конкурсқа тек, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелген кәсіпкерлер, сондай – ақ «Бір ауыл-Бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.

— Жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері өзгеріссіз қалады. Яғни, кәсіпкерлер жобаны іске асыру кезінде грант мөлшерінің кемінде 20% -ын бірлесіп қаржыландыруы, жаңа жұмыс орындарын құруы қажет. Сондай-ақ, өз жобаларын табысты орындау үшін қажетті инфрақұрылымға ие болуы тиіс, — деді Мұрат Малікаждар.

Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдеріне 2022-2023 жылдары гранттық қаржыландыру алған үш нысан жұмысы көрсетілді.

Бірінші нысан: кәсіпкер Ақерке Қайырханова ашқан гибридті білім беру орталығы. Оның жобасына мемлекеттік гранттан 5 млн теңге берілген. Гибридті оқыту әдісі аймақ үшін инновациялық жаңа серпіліс. Сондай-ақ, IELTS-ке дайындалуға лицензия алған кәсіпкердің тәжірибесі де өтінімді қарастыруда маңызды рөл атқарған.

— Біздің жоба офлайн және онлайн оқытуды біріктіреді. Мұндай әдіс, аймақта бұрын қолданылмаған. Жоба идеясы менің Кореядағы оқу тәжірибемнен туындады. Онда оқып жүрген кезде мен заманауи тәсілдердің қаншалықты тиімді екенін көрдім. Қазір, орталығымызда соның барлығын қолдануға тырысып жатырмын. Нәтиже жаман емес. Біздің оқушылар IELTS-ті сәтті тапсырып, өз мақсаттарына қол жеткізуде, — деп бөлісті кәсіпкер.

Екінші жоба: 2022 жылы ашылған қазақтың ұлттық тәттілерін шығаратын цех. Кәсіпкерлер 2,5 млн. теңге көлемінде грант алып, өз жұмыстарын жандандырған. Бұл жылы гранттар қаржысы мүмкіндігінше көп кәсіпкерлерді қолдау үшін қысқартылған көлемде бөлінген. Осыған қарамастан, цех табысты жұмыс істеп, өңірде үздік, әрі сапалы өнім шығарумен айналысуда.

— Шағын цехымыз өнім сапасымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Цехымыздың сөресінде түйе мен ешкі сүтінен жасалған, сондай-ақ тәтті жеміс түрлері қосылған құрттың түр-түрі бар. Біз, бірегей өнім жасау үшін Қазақстанның батыс өңірлерінен сүтке арнайы тапсырыс береміз. Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттің қолдауы шешуші рөл атқарды деп санаймын. Өйткені біз осы сәтке дейін жалдамалы жұмысшы ретінде қызмет атқардық. Жеке кәсіп ашу үшін несие алу өте қымбат болды. Осы сәтте мемлекеттік көмек, біз үшін өз ісімізді бастауға үлкен септігін тигізді. Енді біз, алдағы уақытта жақсы нәтижелер көрсетуге және сенімді ақтауға дайынбыз, — деп атап өтті «Merus» компаниясының иесі Қайрат Мейрамбек.

Баспасөз турының соңы Ардақ Салқынбаева бастаған «ZERDE» неврологиялық-педиатриялық орталықпен аяқталды. Орталық ашуға кәсіпкер 4 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болған. Екі жылдан бері қызмет жасап жатқан орталықта қазір мамандар балаларға логопедиялық көмек көрсетіп, олардың сөйлеуі мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал етуде.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

53 минуты бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 час бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 час бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС