"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаңа жылдан бастап Семейде қоғамдық көлікті субсидиялау моделі өзгереді

25.11.2024
Жаңа жылдан бастап Семейде қоғамдық көлікті субсидиялау моделі өзгереді
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жолаушы санына есептелетін тариф негізіндегі субсидиялау моделі өзгермек. Енді, оның орнына маршруттың есептік құнына негізделген модель енгізіледі. Яғни, тасымалдаушы күніне жүрген қашықтығына қарай қаржы алады. Мұндай өзгеріс автобус жүргізушілерін желіде барынша ұзақ уақыт болуға ынталандыра түспек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Әділет Тұрысбек мәлімдеді.

— Салыстырмалы түрде айтсақ, Абай облысы құрылғанға дейін техниканың маршруттарға шығу пайызы 50%-дан аспайтын. Бұл мәселе халықты тасымалдау сапасына айтарлықтай әсер етті. Деседе облыс құрылғаннан кейін біз, бұл мәселенің шешім неғұрлым жедел шешуге тырыстық. Қазіргі уақытта автобустардың желіге шығу пайызы 75%-дан төмен емес және тұрақты деңгейде сақталуда, – дейді Әділет Тұрысбек.

Сонымен қатар, әкім орынбасары өз сөзінде алдағы субсидиялау өзгерісі автопарктердің қозғалыс құрамын жаңартуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

– Қаланың барлық маршруттарында электронды билет жүйесі іске қосылған. Біріккен диспетчерлік және бақылау қызметі бойынша айтсақ, қала әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және Жолаушылар тасымалы басқармасы орталығы келісімшарт жасасқан. Барлық ақпарат сол жерден тапсырыс берушіге беріліп, осы мәліметтер негізінде қаражат мәселесі реттеледі, – деді спикер.

ЖК және АЖ бөлімінің Жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Арман Жоламанов автобус қозғалысының аралықтары мен тұрақтылығының бұзылу мәселелерінен хабардар екенін атап өтті.

— Қозғалыс тұрақтылығының жүйесі бұзылған жағдайда, біз субсидиялау ережелеріне сәйкес, жоспардың орындалуына қарай теңдей субсидия сомасын азайтуға құқылымыз. Мұндай жағдайларды біз назардан тыс қалдырмаймыз. Қазіргі таңда, жолаушылар тасымалын басқару орталығы бізге әр маршрут бойынша жоспардың қанша пайызға орындалғаны туралы мәлімет беріп отырады, – деп толықтырды Жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі.

Маршруттық желілерді оңтайландыру және жаңа желілерді әзірленбек. Бұл туралы Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Әділбек Увасилов толығырақ түсіндірді.

— 2025 жылы қалада маршруттық желілерді оңтайландыру жоспарлануда. Маршруттарға байланысты барлық мәселелер зерттеліп, ғылыми тұрғыда қарастырылады, – деді Әділбек Увасилов.

Биылғы жылдың сәуір айында Астанада тасымалдаушылар қауымдастығы мен орталық органдардың қатысуымен өткен арнайы отырыста жаңа модельге көшу мәселесі талқыланған.

— Астанада өткен жиналыста 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық көлікті субсидиялауды маршруттың есептік құнына негізделген модельге көшіру ұсынылды. Қазіргі уақытта тасымалдаушылар бір жолаушыға есептелген тариф бойынша субсидия алады. Ал, жаңа модель енгізілген жағдайда субсидиялар маршруттардың нақты есептік құнына негізделмек. Жаңа модельге көшкен кезде тасымалдаушылар жүрген қашықтықты көбейтуге және тиісінше субсидияларды арттыруға қызығушылық білдіретін болады, – деп қорытындылады Арман Жоламанов.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

22 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

22 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

23 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС