"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында сәулет-құрылыс бақылауы бойынша 108 тексеру жүргізілді

25.12.2024
Абай облысында сәулет-құрылыс бақылауы бойынша 108 тексеру жүргізілді

Абай облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жыл басынан бері сәулет-құрылыс бақылауына қатысты жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан түскен 2 151 өтінішті қарастырды. Осы өтініштердің негізінде 108 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, әкімшілік сипаттағы тиісті шаралар қабылданды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Шыңғыс Аманжолов мәлімдеді.

– Тексеру барысында біз Кәсіпкерлік кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын басшылыққа аламыз. Қазіргі уақытта кейбір нысандарды сүру туралы сот шешімдері шығарылды. Барлық тексерулер Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Егер растайтын құжаттары бар өтініш келіп түссе, біз міндетті түрде шара қолданамыз, – деді Шыңғыс Аманжолов.

Маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң талаптарының сақталмауы. Басқарма ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша облыстағы алты құрылыс салушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

– Ең алдымен, құрылысы жүріп жатқан үйден пәтер сатып алғысы келетін азаматтар құрылыс салушыдан үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат құжатын талап етуі керек. Бұл құжатсыз үлестік қатысу туралы келісімшарт жасауға тыйым салынады. Өкінішке орай, еліміздің көптеген қалаларында проблемалық нысандар бар, сондықтан өте сақ болу қажет. Сонымен қатар, құрылыс нысанына берілген рұқсат құжаттары мен қажетті техникалық құжаттаманың бар-жоғын мұқият тексеру маңызды, – деп ескертті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Шыңғыс Аманжолов 2024 жылғы 8 қазанда мәслихаттың шешімі мен Абай облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес басқарма атауы өзгергенін мәлімдеді. Бұрынғы Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы енді Абай облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы деп аталады. Ал еңбек инспекциясына қатысты функциялар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне берілген.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

22 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

22 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

22 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС