"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты: жетістіктер, міндеттер, және ұстанымдар

04.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты: жетістіктер, міндеттер, және ұстанымдар

Былтырдан бері дәстүрге айналғандай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ana tili» газетіне кезекті сұхбатын берді. Бұл сұхбат мазмұнын шартты түрде үш негізгі бағытқа бөлуге болады. Біріншіден, Мемлекет басшысы 2024 жылдың қорытындыларын жасап, еліміздің жеткен басты жетістіктерімен бөлісті. Екіншіден, алдағы уақытта атқарылуы қажет негізгі мәселелер мен бағыттарды айқындады. Үшіншіден, қоғамда резонанс тудырған оқиғалар мен әртүрлі пікірлерге қатысты өз ойын білдіріп, нақты ұстанымын айқындады.

Президенттің осындай форматтағы кездесулері елімізді дамытуға қатысты шаралардың мән-маңызын барлық азаматтарымыздың терең түсінуіне мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сұхбат барысында елімізде жүйелі экономикалық реформалар, саяси шешімдер мен инфрақұрылымдық, әлеуметтік жобалардың жүзеге асу барысы, нәтижелері талқылынды.

Маңызды бастамалар аймақтарда да өз нәтижесін көрсетуде. Әсіресе, Президент мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесінің тұрақты түрде артып келе жатқанын атап өтті. Мысалы, Абай облысы бойынша айтсақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 54 380-ге жетіп, оларда 103 952 адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда, машина жасау саласы 16%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 4%-ға, бөлшек тауар айналымы 12%-ға, көтерме сауда 9%-ға өскен. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жастардың экономикалық дамудағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың белсенді, білімді, тәртіпті және еңбекқор болуын қалайтынын жеткізді. Жастарды қолдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқаны да айтылды.

Сұхбат барысында қозғалған тағы бір маңызды мәселе – цифрландыру. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде Қазақстан E-government көрсеткіші бойынша әлемде 24-ші орынға ие болғаны – айтарлықтай жетістік, бірақ оған тоқмейілсіп, арқаны кеңге салуға болмайтындығындығына тоқталды. Бұл бағытта елімізде үлкен жобалар іске асырылып жатқаны белгілі, соның ішінде Семей қаласында да «Ақылды» қалаларды дамытуға арналған Жол картасы аясында 27 жоба жоспарланған (17 базалық және 10 қосымша жоба), бірақ Мемлекет басшысының меңзеп отырғаны тек сан емес, яғни цифрлық экожүйені қалыптастыруда сапаға, әсіресе мемлекеттік тілдегі контенттер мазмұнына басымдық беруді ескертті.

Мемлекет басшысының бұл сұхбаты алдағы уақытта жан-жақты талданып, атқарушы билік тарапынан нақты қорытындылар жасалып, тиісті шешімдер қабылдауға негіз болады деп ойлаймын. Сонымен бірге, қоғамда дұрыс түсінік қалыптасып, ортақ мақсатқа ұмтылуға септігін тигізеді.

Берік Қадыров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Абай облысы бойынша өкілі, Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

15 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

15 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

15 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС