"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды

06.01.2025
Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтауда әуе апаты кезінде көмек қолын созған азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

Президент «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен азаматтарды құтқарып, көмек көрсеткен азаматтардың жанқиярлық әрекеттерін айырықша атап өтті.

«Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының жұмысшылары бірден көмекке келді. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға атсалысты. Азаматтарымыздың жанқиярлығы арқасында барынша көбірек адамның өмірін сақтап қалдық. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқының апаттан зардап шеккендерге жанашырлығы мен тілеулестігі азаматтарымыздың жаппай қан тапсыруға асыққанынан да айқын байқалды»,- деді Мемлекет басшысы.

5 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзірбайжандық Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған кезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттап, Президенттің Алғыс хатын табыстады.

Салтанатты шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен «ҚР Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ маманы-криминалисі Айбек Әлібаев марапатталды.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Олжас Байтөре,Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімі алыс радиомаркерлік пунктінің бөлімше бастығы Ботағарин Нұрлан, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті  Басқұдық ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Серіболат Оңғар, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарықызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндірубөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Мәрлен Сәркенов марапатталды.
«Құрмет» ордені «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергинаға, «Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК орталығының меңгерушісі Бақытжан Қойбековке табысталды.

«Ерлігі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары Қожабек Аллабергенов,Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» РММ құтқарушысы Манас Бағытов, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екіншіпилоты Естемес Әлішер, «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері Қисаев Тимур, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі Құдабаев Асхат, «Апаттармедицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының фельдшері Құбайдуллаев Заманбек, «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оразбеков Оспан, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы «Вышка» диспетчерлік пунктінің диспетчері Толстиков Ярослав, «Маңғыстау өңірлік электр-тораптық компаниясы» АҚ Ақтау электр желілер ауданының шебері Шопанов Нұралы марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының психологы Есен Жан, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ қызмет бастығының орынбасары Жұмағұлов Бекболат, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Оразалиев Эльдар марапатталды. Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы табысталды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қиын сәтте жедел көмекке келіп, жәрдемдескен жандарға алғысын білдірді.
-Сын сағатта жедел әрекет етіп, өзгелердің өмірін құтқаруда асқан батылдық пен адамгершілік таныттыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз – өңіріміздің ауызбіршілігінің, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Маңғыстаудың қайсар да кеңпейіл жандарға толы екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Көрсеткен көмектеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Осындай батыр жандар барда халқымыздың еңсесі биік боларына сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Апат орнына алғашқы болып келген «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ қызметкері Нұралы Шопанов біздің орнымызда кез-келген адам болса дәл осындай қадамға барар еді дейді. «Біз жұмыс орнымызда болатынбыз. Ұшақтың құлағанын көріп, ойланбастан жүгірдік. Тіпті ұшақтың жарылып кетуі мүмкін дегенді ойламағанда екенбіз. Ішінде адамдар болса тезірек шығарып алып, көмек көрсетсек деген ой ғана болды» дейді ол.
Фельдшер Тимур Қисаев ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсетті.

— 25.12.2025 жылы, шамамен 11 сағат 00 минут шамасында аға-дистпетчерден шақырту түсті. Әуе ұшағы апаттық жағдайда қонайын деп жатқандығы туралы айтылды. Дереу сол маңға қарай бағыт алдық. Науқастарды көріп, қарап алғашқы көмек көрсеттік. Қалған бригадаларға және аға диспетчерге хабарлап, қанша науқас бар екенін, нешеуі ауруханаға тасымалданғаны бойынша хабар жеткіздім,- дейді Тимур Қисаев.

Түпқараған аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ақманов Сәкен сол сәттегі әсерімен бөлісті.
-Аспанда қисая ұшқан ұшақ санаулы уақытта жерге құлағанын көрген бойда оқиға орнына бет алдық. Ұшақтың ішіндегі адамдардың жан айқайын естіген бойы сол маңда қызметте жүрген «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» мамандарымен бірлесе әуе бортындағы жолаушыларды сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырдық. Әдетте мұндай көріністі тек кинолардан көріп жүрген біз алғашқы сәтте есеңгіреп те қалдық. Ендігі мұндай апаттың болмауын тілейміз»,-деді учаскелік полиция инспекторы.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС