"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Электр энергиясы адам өмірі мен қызметінде үлкен маңызға ие

28.01.2025
Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ
44
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Электр энергиясы адам өмірі мен қызметінде үлкен маңызға ие. Бүгінде электр энергиясы пайдаланылмайтын бірде-бір өнеркәсіп саласы немесе өзге сала жоқ. Бизнес-құрылымдар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу өзекті. Осы ретте электрмен жабдықтауды қалай ұйымдастыруға болады? Барлық қажетті құжаттар мен келісімшартты қалай рәсімдеуге болады? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Ермек Белгібаевқа хабарласқан едік.

— Ермек Кенжебекұлы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімі бойынша өзгерістер енгізілгені белгілі, сол өзгерістер жайында қысқаша айтып берсеңіз…

— Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының тұтынушылары арасындағы көтерме және бөлшек сауда нарығында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және Электр энергиясын пайдалану қағидалырымен реттеледі. Елдегі кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту үшін заңнамалық актілерге жыл сайын электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдерінің санын қысқартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіледі.

Осы орайда Энергетика министрлігі Электр энергиясын пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оған сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар саны бұрын 9 болса, енді 7-ге дейін қысқарды, яғни тұтынушы электрмен жабдықтау шартын жасау үшін энергия беруші ұйымға 7 құжат ұсынады.

Сонымен қатар энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды — техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін бес жұмыс күні ішінде, техникалық күрделі объектілер үшін  10 он жұмыс күні ішінде береді.

— Ал тұтынушыларды электр энергиясына қосу тәртібі мен мерзімдерінде өзгерістер бар ма?

— Иә, тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру тәртібі мен мерзімдері де өзгертілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, құрылыс-монтаж ұйымы энергия беруші ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны және нысан бойынша электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтініш жібереді. Энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша үш жұмыс күні ішінде, техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бес жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді.

— Тексеру барысында өтініш берушінің техникалық шарттар талаптарын орындамағаны анықталған жағдайда қандай шаралар қабылданады?

— Сыртқы қосылудың кемшіліктері және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, энергия беруші ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді. Анықталған кемшіліктер туралы актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы (мердігер) немесе тұтынушы энергия беруші ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы еркін нысанда қайта хабарлама жібереді.

Энергия беруші ұйым қайта өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарайды, тұтынушының электр қондырғыларын қосады және қайта тексерілгеннен кейін ескертулер жойылмаса, келесі тексеру бір ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді.

Қайта тексергеннен кейін кемшіліктер жойылмаған жағдайда энергия беруші ұйым сыртқы қосылуды қарап тексеруді жүргізбейді және техникалық шарттардың орындалуы және соңғы тексеру күнінен бастап бір ай ішінде электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны қабылдамайды.

— Тағы бір сұрақ: объектінің меншік иесі ауысқан кезде жаңа техникалық шарттарды алу қажет пе?

— Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқан жағдайда, бұрын берілген техникалық шарттар қайта рәсімделмейді. Иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау шартын жасасу тәртібі өзгертілді, енді объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді.

Энергия беруші ұйым екі жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысады.

 — Ал қандай жағдайда электр энергиясын беру тоқтатылады?

— Энергия беруші ұйым электрмен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімдерде электр энергиясы үшін ақы төленбеген, толық төленбеген кезде, сондай-ақ электрмен жабдықтау шартында белгіленген электр энергиясын тұтыну режимі бұзылған кезде электр энергиясын беруді ішінара немесе толық тоқтатады. Нақтырақ айтсақ, егер энергия беруші ұйымның желісіне электр энергиясының қабылдағыштарын өз еркімен жалғаған болса; электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарынан басқа (есепсіз) электр энергиясының қабылдағыштарын қосқан болса; тұтынушының кінәсінен электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін энергия беруші ұйымның және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қызметін бұзатын мәнге дейін түсірген жағдайда, сондай-ақ энергия беруші ұйымның және энергетикалық қадағалау және бақылау органының өкілдерін жұмыс уақытында тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары мен электр қондырғыларына жібермеген жағдайда энергия беруші ұйым электр энергиясын беруді алдын ала хабарламай толық тоқтата алады.

— Соңғы сұрағым: электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері бұзылған жағдайда қала және облыс тұрғындары қайда жүгіне алады?

— Электр желілеріне қосылуға қатысты сұрақтар туындаған кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаментіне, 8 (7222) 56-50-24, 8 (7222) 56-50-25 байланыс телефондары немесе «Е-Өтініш» АЖ арқылы жүгінуге болады.

— Сұхбатыңызға рақмет!

 Сұхбаттасқан Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

11 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

12 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

12 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

12 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

15 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

15 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

16 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

16 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

17 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС