"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жалғасуда: 2025 жылы төрт мектеп пайдалануға беріледі

04.02.2025
Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жалғасуда: 2025 жылы төрт мектеп пайдалануға беріледі
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы халыққа арнаған Жолдауында сапалы білім алу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған «Жайлы мектеп» бағдарламасы туралы бастама көтерді. Абай облысында 2025 жылдың соңына дейін 2700 оқушыға арналған төрт жаңа мектеп ашылады. Сонымен қатар, биыл тағы бір мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.

«Жайлы мектеп» жобасы — тұрғылықты жеріне қарамастан еліміздің барлық балалары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа мектептерде тек техникалық жабдықтауға ғана емес, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта құруға да баса назар аударылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Жеделсатылар, пандустар және арнайы бағыттаушы белгілер орнатылған. Әр мектепте психолог, логопед және дефектологтар жұмыс істейді. Жаңа мектептердің басты ерекшеліктерінің бірі — жұмсақ жиһаздармен, кітаптармен, музыкалық аспаптармен және үстел ойындарымен жабдықталған оқушылар мен оқытушылар үшін демалыс орындарының болуы. Сонымен қатар, білім беру мекемелері балалардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

2024 жылы Семейде 1200 орындық ІТ-мектеп-лицейі салынды. Бұл қаладағы оқушы орны тапшылығын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Мектеп заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келеді және жаңа технологиялармен жабдықталған. Үш қабатты ғимаратта физика, химия, биология, информатика кабинеттері, мультимедиялық сыныптар, графика және модельдеу кабинеті, сондай-ақ зертханалар, телестудия, смарт-сыныптар, 3D-принтерлер мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Мектепте 280 орындық акт залы және 420 орындық асхана бар.

«Төрт білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтіп, робототехника, химия, биология, физика және STEM-бағыттары пәндері бойынша 56 заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталған. Педагогтардың біліктілігін арттыру да маңызды қадам болды. 5 300-ден астам мұғалім тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бүгінгі таңда Абай облысында орта білім беру ұйымдарының 38% — аудандық және ауылдық мектептер құрайды. Олардың 86-сы жаңғыртылған», — деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.

Жоба қазақстандық өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді. Жаңа мектептерге арналған барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді, бұл ұлттық экономиканы нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Еліміздің барлық өңірлерінде жаңа білім беру нысандарының құрылысының арқасында қосымша жұмыс орындары құрылуда. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде (Семей қаласының ІТ-мектеп-лицейі) 184 педагог жұмыспен қамтамасыз етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

4 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

4 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

4 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

6 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

6 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС