"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру және отандық машина жасау саласын жаңғырту қажеттігін айтты.

Абай облысының теміржол желісі даму үстінде әрі өңір іші мен одан тыс жерлерде де ыңғайлы көлік қатынасын қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда облыстың Семей, Жаңасемей, Аягөз, Шар, Жаңғызтөбе, Үшбиік, Жарма, Ауыл, Белағаш және Таңсық сияқты елді мекендерінде орналасқан 10 вокзал жұмыс істейді.

2023 жылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар екі жаңа бағыт іске қосылды. Бір вагонды «Семей – Шар» бағыты аптасына алты рет қатынайды. Билет құны 557 теңге. Ал,екі вагонмен «Ақтоғай – Аягөз» арасына аптасына бес рет жөнелтіледі. Жол ақысы 650 теңге. Бұдан бөлек, туристік бағытқа да ерекше назар аударылады. Жыл сайын жаз маусымында 731 шақырым болатын «Семей – Жалаңашкөл» бағыты бойынша пойыз жүреді. Маңыздысы бұл үш бағытта субсидияланатын санатқа жатады.

2024 жылдың негізгі жобаларының бірі Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарын қайта жаңғыртуға дайындық болды. Биыл «ҚТЖ «ҰК» АҚ, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ және «ТехСтройПроект» ЖШС арасында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ниетті Меморандумға қол қойылды. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда.

«Абай облысының теміржолы ішкі бағыттарды ғана емес, облысаралық және халықаралық бағыттарды да қамтиды. Қазіргі уақытта Семей-Қызылорда, Павлодар-Алматы, Семей-Маңғыстау, Өскемен-Астана, Өскемен-Алматы, Семей-Алматы, Семей-Астана және Семей-Қарағанды бағыттары бойынша 8 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Сонымен қатар, Новосибирск-Бішкек бағыты бойынша халықаралық пойызы транзитпен облыс арқылы өтеді. Бұл Қазақстанның көрші елдермен көлік байланысын нығайтады», — дейді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Өңірдің маңызды инфрақұрылымдық жобасының бір ретінде Бақты-Аягөз аралығындағы Қазақстан-Қытай үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы болды. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында басталған бұл жоба көлік инфрақұрылымын жақсартуға және халықаралық сауда дәлізін кеңейтуге бағытталған. Жобаны іске асыру үшін Абай облысының әкімдігі ауданы 10 506,3 га жер учаскесін резервке қойды. Оның 5 911,7 га мемлекеттік меншікте болса, 4 594,6 га жеке меншік иелеріне тиесілі. Жер Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімшілік шекараларында 5 жыл мерзімге сақталады.

Жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын ашуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Құрылыстың бастапқы кезеңінде жергілікті тұрғындар арасынан жұмыс күшін тарту жоспарлануда. Ал жобаны пайдалану кезеңінде түрлі кәсіп мамандары үшін 1800-ге жуық жұмыс орны құрылатын болады. Нысандарды 2027 жылы пайдалануға беру күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

18 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

22 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС