"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыста су тасқынына дайындық аясында арнайы топ құрылды

27.02.2025
Облыста су тасқынына дайындық аясында арнайы топ құрылды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыста су тасқынына дайындық аясында арнайы топ құрылды

Абай облысында көктемгі су тасқынына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1 400 адамнан тұратын арнайы топ құрылып, қажетті техника әзірленді, қорғаныс дамбалары салынды. Сонымен қатар, мамандар өзендер мен жолдардың, су қоймаларының жағдайын бақылап, су басу қаупін азайту үшін инженерлік жұмыстар жүргізуде.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель мәлімдеді.

– Облыста су тасқыны наурыздың екінші онкүндігінде басталып, маусымның ортасына дейін жалғасады. «Қазгидромет» мәліметтері бойынша, топырақтың қату деңгейі 22-115 сантиметр аралығында, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Синоптиктердің болжамына сәйкес, наурыз айындағы орташа температура климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болады. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша, облыстың басым бөлігі қармен жабылған. Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар тізіміне 45 елді мекен мен 35 жол учаскесі енгізілді, – деді Алексей Штыкель.

Оның айтуынша, өңірде тасқынға қарсы кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр. Барлық күштер мен құралдар толық дайындыққа келтірілген.

– Қазіргі таңда 60-тан астам инженерлік іс-шара атқарылып, өзен жағалаулары бекітілді, 32 қорғаныс дамбасы салынды. Сонымен қатар, 14 автожол учаскесінде су өткізу мүмкіндігі артты. Қаңтар айында су тасқынының алдын алу шаралары бекітіліп, қала және аудан әкімдіктері 12 мың тоннадан астам инертті материал, 74 мың дана қап, 140 тонна жанармай қорын жасақтады. Бұдан бөлек, өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізу үшін тиісті келісімдер жасалды, – деп нақтылады спикер.

Өткен жексенбіде Абай облысының әкімі Берік Уәли, оның орынбасары Димитрий Гариков және Алексей Штыкель өңірдің бірнеше ауданын, соның ішінде Бородулиха аумағын әуеден бақылап шықты. Жұмыс тобы Ертіс пен Үбі өзендерінің гидрологиялық жағдайын бағалап, ахуалды тексерді. Алексей Штыкельдің айтуынша, қазіргі кезде жағдай тұрақты, өзендерде мұз қатқан, су деңгейі көтерілмеген.

Абай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ақмырза су қоймалары мен тоғандардың толымдылығына мониторинг жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Су өткізу арналары мен кіреберіс жолдар тазартылып жатыр. Сондай-ақ, күн сайын су қоймаларының деңгейін бақылау үшін 12 кезекші-бақылаушы бекітілді. Гидротехникалық нысандар кешенді тексерістен өтті. Бүгінде барлық коммуналдық су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп, артық су жиналмай жатыр, – деп түйіндеді Айнұр Ақмырза.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

9 минут бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

19 минут бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

23 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

24 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС