"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бейбітшілік пен келісім жолында

03.03.2025
Бейбітшілік пен келісім жолында
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы бастау алды. Өткен сенбіде облыстық Достық үйінде ескерткіш тақта ашылып, «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» форумы өтті.

 Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар ұйымдастырылып, Ассамблеяның Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы маңызды рөлі айшықталды.

Бұл бірегей институт елдегі этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Үш онжылдық ішінде ҚХА халықтар арасындағы диалог алаңына айналып, елде бірлік пен татулықтың орнауына ықпал етті. Осы айтулы күнге орай Абай облысында да бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті.

Алдымен облыстық Достық үйінде ескерткіш тақта ашылып, «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» форумы өтті. Форумға қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен ҚХА мүшелері қатысты.

Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сарсебаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысы өз сөзінде ҚХА-ның ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатқан тиімді құрылымға айналды. Ұйым мүшелері маңызды бастамалар көтеріп, елге қажетті жобаларды жүзеге асырып жатыр. Қазақстандағы ауқымды өзгерістерге де барынша атсалысып келеді.  Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады» делінген Президенттің құттықтау сөзінде.

Форум барысында қоғамдық келісім мен ұлттар арасындағы бірлікті дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

—  Қазақстан әрдайым бейбітшілік пен татулықтың жарқын үлгісі болып келеді. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өте отырып, біз қоғамымыздың басты құндылықтары – бірлік, өзара құрмет пен халықтар достығы екенін тағы бір мәрте растаймыз. Бұл құндылықтар еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізі, – деді Жасұлан Сарсебаев.

Форумда сондай-ақ Alikhan Bokeikhan University ректоры, ҚХА мүшесі Александр Койчубаев, №50 IT-мектеп-лицей директоры Айжан Қуанышбаева, Семей медицина университетінің студенті Мұхаммед Юсуф және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Ульяна Абашева баяндама жасады. Олар этносаралық келісімге, ұлттар мәдениетіне құрметпен қараудың маңыздылығын, бұл орайдағы жастардың рөлін атап өтті.

— Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі тұрақтылық пен бірліктің тірегі. Бүгінде ол бейбітшілік пен келісімнің символына айналған бірегей институт. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы айтарлықтай дамыды, ал елге тартылған шетелдік инвестиция көлемі 400 миллиард доллардан асты. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ұйымдарға мүше болып, жаһандық аренадағы орнын нығайтып келеді,- деп атап өтті Александр Койчубаев.

Форум аяқталғаннан кейін қатысушылар Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы аясында қалада сондай-ақ жастарға арналған мотивациялық тренинг, халық өнері фестивалі өтті.

Семей қаласындағы Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде «FOLK&ART» өнер фестивалі мен мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. Шараға Абай облысы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, облыстық Достық үйінің директоры Надеджа Шарова, этономәдени бірлестік мүшелері, қаламыздағы оқу орындарының студенттері қатысты.

Шара шымылдығы күмбірлеген күймен ашылды. Абай атындағы театр әртістері ұсынған қойылымда әр түрлі ұлт өкілдері Жер анаға тағзым етті. «Ассамблея жастары» РҚБ Абай облыстық филиалының директоры Ануар Алдынгуров сөз алып, ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы межелеген мақсаттарымызға жету маңызды екендігін атап өтті.

– Бұл күні біз бір-бірімізге достық, қолдау және игі істеріміз үшін алғыс білдіреміз. Бұл көп ұлтты Қазақстан халқының ынтымағы мен берекесі. Ел ішінде әрдайым бейбітшілік пен келісім берік орнықсын! – деді Ануар Алдынгуров.

Кездесу барысында ұйымдастырылған тренингте жастардың көшбасшылық қабілетін арттыру, жасанды интеллектінің  рөлі, ақпараттық сауаттылық пен тұлғалық даму тақырыптары қозғалды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Тренингтен кейін «FOLK&ART» фестивалі өтіп, ұлттық және заманауи өнер жанрындағы түрлі қойылымдар ұсынылды. Көрермендер дәстүрлі күйлерді, вокалдық және аспаптық шығармаларды, би қойылымдарын тамашалады.

Жалпы, 30 жылдық аясында өңірде 300-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында қайырымдылық акциялары, қоғамдық бастамалар және мәдени-ағартушылық жобалар бар. Барлық іс-шаралар ел бірлігін, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған. Бұл ҚХА-ның Қазақстандағы бейбіт және тұрақты қоғам құрудағы маңыздылығын дәлелдейді.

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

9 часов бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

7 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

7 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС