"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» экспозициялық кітап көрмесі өтті

11.04.2025
Абай облысында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» экспозициялық кітап көрмесі өтті
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбындағы кең көлемді экспозициялық кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Сегіз бөлімнен тұратын көрмеде соғыс жылдарының сырын шертетін тарихи деректер, әдеби-көркем туындылар мен сирек кездесетін басылымдар ұсынылған.

— Бүгінгі көрме – батырлық пен ерліктің мәңгілік ескерткіші. Бұл – ұлы тарихымызды жаңғыртып, елге қорған болған ерлеріміздің рухын жас ұрпаққа жеткізудің тағылымды жолы. Әсіресе жас буынға ел тарихын таныту, патриоттық сана қалыптастыру тұрғысынан мұндай шаралардың маңызы зор.  Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі баспасөздің де ерекше рөл атқарғаны атап өткім келеді. Сол жылдары жарияланған майдандық газеттер мен ақпарат құралдары сарбаздарға рух беріп, ел ішіндегі бірлікті сақтауға ықпал етті. Бұл басылымдар тек ақпарат көзі ғана емес, халықтың үмітін жалғаған рухани тірек болды. Біз бұл көрме арқылы ұрпақтар сабақтастығын, отанға деген шексіз сүйіспеншілікті, тарихқа құрметті нығайтамыз, – деп атап өтті Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының сирек басылымдар бөлімінің басшысы Жаңылгүл Әділбекқызы.

Көрме «Қаһарлы күндер жылнамасы», «Өнегелі өмір сериясы: Ұлы Отан соғысына қатысушылар», «Соғыс тақырыбы көркем әдебиетте», «Ұлы Жеңіс жырлары», «Отты жылдар әуендері», «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кітапхана», «Соғыс бейнелеу өнері», «ҰОС мерзімді баспасөз беттерінде» деп аталатын бөлімдерден тұрды. Іс-шара барысында қатысушылар ардагерлердің естеліктеріне, майдангер жазушылардың мақалаларына ерекше қызығушылық танытты. Көрмеде майданда болған 125 қазақ жазушысының, оның ішінде Бауыржан Момышұлы, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұршайықов пен Қасым Аманжоловтың ерлігі мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылды.

— Бүгін біз Жеңістің 80-жылдығына арналған тарихи көрмеге қатысып, халқымыздың сол бір қиын-қыстау жылдары бастан кешкен ауыр тағдырын, ерлік пен төзімге толы кезеңдерін жан-жақты ұғынып, тереңірек таныстық. Көрме өте әсерлі әрі мазмұнды деңгейде ұйымдастырылған. Осындай тағылымы мол шараға қатысу – бізге тек тарихи деректермен танысу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар өткеннің өнегесін бойымызға сіңірудің бірегей жолы болды, – деп өз әсерімен бөлісті М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Алинур Серіков.

Көрме жыл бойы жалғасып, оқырмандарға Ұлы Жеңістің тарихи маңызын, майдангерлердің ерлігі мен рухани мұрасын таныстырмақ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

21 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС