"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жобалар қарқынды жүзеге асырылуда

16.04.2025
Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жобалар қарқынды жүзеге асырылуда
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жайлы талқыланды. Конференция аясында Абай облыстық мәслихатының депутаты Анжела Маслова «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасының басталғаны жайлы атап өтті. Сонымен қатар, Семей қаласындағы дағдарыс орталығының директоры Назым Шакаеваның айтуынша 300-ден астам зардап шеккен адам нақты көмек алған.
Жобаның басты мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен күш көрсетуге қарсы күреске бағытталған кешенді шараларды біріктіру болып табылады.

— Өкінішке орай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселе болып қалуда. Бұл мәселе біздің облысымызда да, жалпы республика бойынша да ерекше назар мен кешенді тәсілді талап етеді. Жобаның негізгі мақсаты – ақпараттық, психологиялық және құқықтық көмектің шынымен де мұқтаж жандарға жетуін қамтамасыз ету. Жобаның үйлестірушісі ретінде осы процесті толық бақылауда ұстап, іске асуына тікелей атсалысамын, – деді Анжела Маслова.

Спикердің айтуынша, жоба аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оны анықтау бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Бұл бағытта білім беру мекемелеріндегі психологтармен де жұмыс жүргізілетін болады.

– Осы жылдың қараша айында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн белсенді әрекет» халықаралық акциясына орай облыстық конференция өтеді. Іс-шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 60 қатысушы шақырылады. Бұл жоба арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасырын түрлерінің алдын алып, қоғамның барлық өкілдерін осы мәселеге қарсы күреске тартамыз деп үміттенеміз, – деп атап өтті депутат.

Семей қаласының «Отбасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» КММ директоры Назым Шакаева ел аумағында дағдарыс орталықтарын ашу – тұрмыстық зорлық-зомбылықтан арылудың нақты қадамы екенін атап өтті.

– Бүгінде әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жиі құрбанына айналуда. Бұл – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған дағдарыс орталықтары ашылуда. Қазіргі таңда елімізде 49 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. 2023 жылдың 25 тамызында Семей қаласында 25 орынға арналған орталық ашылды. Бұл орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған, зорлық-зомбылық қаупі бар әйелдер мен балаларға арналған. Орталықтың басты мақсаты – зардап шеккен аналар мен балаларға көмек көрсету, психологиялық және әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, – деді Назым Шакаева.

Орталық ашылғалы бері 151 отбасы (307 адам, соның ішінде 156 бала) көмек алған. Олардың қатарында Атырау облысынан, Шығыс Қазақстан облысынан, Жарма, Мақаншы, Бесқарағай, Шемонаиха аудандарынан, Қарабұлак және Канонерка ауылдарынан келгендер бар.

– Басқа өңірлерден келген әйелдер мен балалардың денсаулығын толық тексеру үшін медициналық мекемелерге тіркейміз. Сонымен қатар, жалғызбасты аналарды мемлекеттік бағдарламаларға тіркеу бойынша жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деп түйіндеді орталық басшысы.

Спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою жолында мемлекет, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, жобаға барынша ақпараттық қолдау көрсетуді барлық деңгейде қамтамасыз етуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

19 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

19 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

19 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

19 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС