"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жеңіс алауының жалғасы

25.04.2025
Жеңіс алауының жалғасы
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2025 жылдың 24 сәуірінде Семей қаласындағы «Жеңіс саябағында» патриоттық маңызы зор ерекше іс-шара өтті. «Жеңіс алаңындағы» Мәңгілік оттан алынған алау салтанатты түрде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы «Жеңіс эстафетасы» символын қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.

Шара аясында Қазақстан Республикасының туы ортаға шығарылып, мемлекеттік Әнұран орындалды. Қонақтар мен делегаттар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Құрметті қарауыл, «Жас ұлан» тәрбиеленушілері және эстафета тобы салтанатты саппен сап түзеді.Шараға “Застава Тарландары” Ардагерлер Қоғамдық Бірлестігінің ардагерлері де арнайы қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтары мен венок қойып, соғыс құрбандарын үнсіздікпен еске алды.

Эстафетаны алып жүру құрметі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының мерзімді әскери қызметшісі, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің шөбересі – қатардағы жауынгер Ескендір Қамзинге берілді. Эстафета тобының жетекшісі – Ұлы Отан соғысының ардагері Жексебаев Баймұханбеттің немересі, капитан Ахет Баймұхамет.

Іс-шарада Семей қаласы әкімінің орынбасары, «Абай облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қуандық Утяпов, сондай-ақ Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердікенов құттықтау сөз сөйледі.

Бұл шара – отансүйгіштік рухты дәріптеудің, жас буынның тарихи жадын оятудың нақты үлгісі болды. Қатысушылар рухани әсер алып, елдік пен ерлікті ұлықтаған сәттерге куә болды.

Мерекелік концерт барысында соғыс тақырыбындағы әндер орындалып, көрермендер патриоттық рухпен серпілді. «Ер жүрек ел», «Смуглянка», «Ұландар шеруі» сынды туындылар ерекше ықыласпен қабылданды.

Жеңіс рухын жеткізген алау енді Аягөз қаласына жол тартып, Жетісу облысы делегациясына табысталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 минут бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

22 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

23 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

23 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

23 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС