"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

28.04.2025
ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өмірімізді электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Бүгінде электр энергиясы пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Осы ретте электрмен жабдықтауды қалай ұйымдастыруға болады? Қажетті құжаттар мен келісімшартты қалай рәсімдеуге болады? Кәсіпкерлер тарапынан жиі келіп түсетін осы және басқа да сұрақтарға ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Ермек Белгібаев жауап береді.

— Электр энергетикасына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Сол өзгерістер жайлы нақтырақ айтып берсеңіз.

— Бүгінде елімізде бизнесті дамытуға барынша жағдай жасалып отыр, соған орай кәсіпкерлік нысандары да көптеп салынуда. Қазіргі таңда бизнес құрылымдар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу — өзекті мәселелердің бірі. Еліміздегі реформалар электрмен жабдықтау жүйесіне де әсер етті. Осыған орай электр энергетикасына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларында көрсетілген электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды, енді құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу қажет емес. Жобалаушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталғаны туралы электрондық нысанда хабарлама жіберсе жеткілікті.

Сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосылуға рұқсат алу да қажет емес. Сонымен қатар бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын жасаумерзімі бір аптаға созылатын  болса, енді үш күнге дейін қысқартылды. Аталған қағидаға сәйкес, желіге қосар алдында энергетикалық сараптама жүргізу қажет болса, енді бұл талап етілмейді.

— Электр желілеріне қосылу үрдісі қалай жүргізіледі?

— Бұл сұраққа рет-ретімен жауап берейін. Алдымен тұтынушы энергия беруші ұйымның электр желілеріне  қосылуға өтінім береді. Өтінім берілгеннен кейін энергия беруші ұйым тұтынушыны электр желілеріне қосу үшін бес күн ішінде техникалық шарттарды береді. Тұтынушы, жобалық құжаттаманы әзірлеуді және электр қондырғыларын орнатуды (тиісті лицензиясы бар ұйымдармен) қоса алғанда, техникалық шарттардағы талаптарын орындауға тиіс. Осыдан соң монтаждау ұйымы энергия беруші ұйымға берілген техникалық шарттардың орындалуы жөнінде және кернеуді беруге дайындығы туралы хабарлама жібереді. Сонымен қатар электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш (шарт жасасуға арналған белгілі бір құжаттар тізбесін қоса бере отырып) жіберіледі. Энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді. Хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кернеуді береді де, коммерциялық есепке алу жүйесіне (электр есептегішті) пломба салып, пломбалау актісін береді.

— Тексеру барысында өтініш берушінің техникалық шарттар талаптарын орындамағаны анықталса, қайта өтініш бере ала ма?

— Егер сыртқы қосылуда кемшіліктер болса және жүргізілген жұмыстар берілген техникалық шарттарға сәйкес келмесе, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді. Құрылыс-монтаж ұйымы (мердігер) немесе тұтынушы актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы қайта (еркін нысанда) хабарлама жібереді.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қайта өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды тексереді, тұтынушының электр қондырғыларын қосады және қайта тексерілгеннен кейін кемшіліктер жойылмаған болса, келесі тексеру бір ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді.

Қайта тексергеннен кейін кемшіліктер жойылмаған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылуды қайта тексермейді және техникалық шарттардың орындалуы және соңғы тексеру күнінен бастап бір ай ішінде электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) қабылдамайды.

— Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері бұзылған жағдайда азаматтар қайда жүгінуі керек

— Электр желілеріне қосылуға қатысты сұрақтар туындаған кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаментіне, 8 (7222) 56-50-24, 8 (7222) 56-50-25 байланыс телефондары немесе «Е-Өтініш» АЖ арқылы жүгінуге болады.

 

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

19 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

19 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

19 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

19 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

20 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС