"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

27.01.2015
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үржарлық ата-аналар мен балғындар үшін қаңтар айы жағымды жаңалығымен ерекшеленді. Өткен аптада аудан орталығында «Ер Төстік» атты мемлекеттік балабақша ашылып, халықты қуанышқа кенелтті.

{jcomments on}Бүгінгі таңда еліміздің келешегі  жас ұрпақ деп, бала тәрбие-сіне қоғам ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында нақты айтылып, алға қой-ған міндеттердің орындалуына жете назар аударылып келе жатқаны да тектен-тек емес. Қазіргі кезде ұрпаққа тәрбие мен білім беру мектепке дейінгі мекемелерден, балабақшалардан бастау алады. Ұлт тәрбиесін басты мәселе санайтын  Үржар ауданы басшылығы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз етуді жолға қойған. Қазіргі заман талабына сай көрікті де көркем бүлдіршіндер ордасы — «Ер Төстік» балабақшасы сөзіміздің дәлелі десек те болады.

140 орынға арналған балабақша 6 топ балаларына арналған бөлмелер, акт залы және өзге де қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілген. Нысан құрылысымен «Капсантехремонт» ЖШС айналысқан. Мердігер мекеменің жауаптылары Жанабай Сауытов пен Тимур Кенжебековтердің айтуынша, балабақшаның бой көтеруіне 300  млн. теңге шамасында қаржы жұмсалыпты.

 

Балабақшаның ашылу салтанатына облыстық мәслихаттың депутаты Рысқан Жанкүшікова, аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев, «Нұр Отан» партиясының Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Баймұратов, аудандық білім бөлімінің басшысы Біржан Тұрлыбеков және өзге де бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында алғашқы болып сөз алған Мұхаметқали Бітім-баев үржарлықтарды балабақшаның пайдалануға берілуімен құттықтады.

 

— Бұл балабақшада тәрбиеленіп, білім алған балалар ертең еліміздің дамуына үлес қоспақ. Мұндай нысандардың ашылуы Үржар ауданында әлі де жалғасын табатын болады. Бүгінгідей қуаныштарымыз көп болсын, жаңа балабақшаға қадам басқан бүлдіршіндер абыройлы азаматтар мен азаматшалар болып өссін, — деп ақ тілегін білдіре келе, өнегелі істердің барлығы халықтың игілігі үшін екендігін атап өтіп, аудан әкімдігі атынан балабақша ұжымына сыйлық тарту етті.

Өз кезектерін ұзақ жылдар бойы балабақша тәрбиешісі болып еңбек еткен Лиза Аринова мен мердігер Тимур Кенжебеков те жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты түрде «Ер Төстіктің» лентасын қию құрметі аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Сандыбаевқа, ардагер тәрбиешілер Лиза Аринова мен Айнаш Мұхаметжановаларға берілді. Салтанатты рәсімнен кейін қазақы дәстүрмен әжелер ансамблі шашу шашты. Жиылған қауым «жақсыны көрмекке» демекші, заманауи балалар бақшасын аралап, бөлмелерімен танысып, балғындар үшін игілікті істің басында болған аудан әкімі С.Зайнулдинге алғыс айтты.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС