"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

27.01.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Зайсан ауданындағы қала және ауылдық округтері әкімдері жұртшылық алдында өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Оған қала және әрбір елдімекендердегі тұрғындар ұйымшылдықпен қатысып, өз белсенділіктерін байқатты. Сарытерек ауылдық округінің аумағында орналасқан Шалқар ауылында өткен ауыл әкімінің есеп беру жиынына аудан әкімі Алмас Оңдақанов қатысты.

{jcomments on}Өткен жылқы жылында ауылдық округтер бойынша Елбасының саясатын жүзеге асыруда облыс, аудан әкімдері тарапанынан берілген тапсырмалардың орындалуы, әрбір салада шешімін тапқан мәселелер, жоспарланған жұмыстар туралы баяндаған ауыл әкімі Ә.Орынбаев алдағы уақыттың еншісінде тұрған нақтылы міндеттерді де көпшілікке тізбектеп жеткізіп берді.

Есепті мерзім ішінде округ бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылған шаруаларға сараптама жасалды. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алғандардың басым бөлігі мал өсіруге бетбұрыс жасаған. Мал тұқымын асылдандырып, атакәсіпті өркендетуді мақсат еткендердің шаруасы шарықтап, көсегесі көгерген.

 

Баяндамашы ауыл тұрғындары үшін негізгі табыс көзі болып саналатын мал және егін шаруашылығына байланысты күн тәртібіне енгізілген мәселелерге тоқталды. Мал басын асылдандыру, егіншілікті дамыту, шаруа қожалықтарын ірілендіру сияқты шаруалардың барысына көпшіліктің назарын аударды. Ауылдағы еңбек адамдары атакәсіпті дамыту жолында көптеген жарқын бастамалардың жаршысы атанып жүр. Халықты сапалы және құнарлы азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуде әрбір елдімекенде айтарлықтай жұмыс-тар жалғасын тапқан. Ауылдық округ аумағында сауда саласы бойынша сегіз дүкен халыққа қызмет көрсетсе, оның екеуі өткен жылдан бастап жаңадан іске кіріскен.

 

Елдімекендерді көркейтіп, көріктендіру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда, биылғы жылы газдандыру бағытындағы шаруалар қолға алынбақ. Мұның өзі  бүгінгі ауыл келбетінің дәулетіне сәулеті сай болып, әр отбасының тұрмыстық жағдайын жақсарта түсетін қуанышты жаңалық. Тоғыз жолдың торабында орналас-қан Шалқар ауылындағы тұрғындардың тіршілігі де көңілге қуаныш ұялатады. Ауыл жастары белсенді, олар мәдени, спорттық шараларға қатысып, өз өнерлерімен жерлестерінің қошеметіне бөленуде.  Жиында мектеп директоры Б.Масабаева және Т.Балғабаев, М.Шотанбаев, тағы бас-қалар өздерінің көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салды. Сөз кезегін алғандардың әрқайсысы орталарына арнайы келіп, ауыл әкімінің есепті   жиынына қатысқан Алмас Аманқолұлына ризашылықтарын білдіре отырып, ауданның әлеуметтік-экономикасын дамыту бағытында елдімекендерде атқарылып жатқан игілікті істерге, көріктендіру, көркейту, абаттандыру жұмыстарына алғыстарын айтты. Аудан басшысының жаңа жылдағы қызметіне де жетістіктер тіледі.

Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Алмас Оңдақанов Мемлекет басшысының «Нұрлы жол —  болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын жауапты міндеттерге, Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда облыста, ауданда атқарылып жатқан жұ-мыстарға тоқталды. Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдің әр саласында жалғасын тапқан игілікті істерді, алда тұрған міндеттерді де көпшілікке жеткізді. Сондай-ақ, есепті жиында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап қайтарылды. Жиын   соңында ауылдық округі әкімінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.

Ардақты БӨЛДЕКБАЙ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

6 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

6 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

6 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС