"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ ӨТУДЕ

27.01.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев ауыл еңбеккерлерімен биылғы есептік кездесулерін Сәтбаев, Көкжыра, Екпін ауылдарынан бастады. Жиындарда аталып өтілгеніндей, Тарбағатай ауданы өткен жылды әлеуметтік — экономикалық даму көрсеткіштерінің барлық түрін артығымен орындап, облыстағы алдыңғы алты ауданның қатарында болған. Мал басын өсіріп, тұқымын асылдандыру, егін егу, құрылыс салу, белсенді кәсіпорындардың қатарын арттыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі балаларды балалар бақшасына орналастыру, әлеуметтік салалардың жұмысын жетілдіру сияқты негізгі қызмет салалардағы жұмыстар айта қаларлықтай жақсарған.

{jcomments on}Былтырғы қол жеткен табыстарды саралап айтумен қатар, аудан әкімі облыс басшысы Даниал Ахметов алға қойған нақты тапсырмаларға орай Тарбағатай ауданын болашақта  ет өнімдерін өндіру бағытында жұмыс істейтін ауданға айналдыру үшін қандай маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігіне де жан — жақты тоқталды. Ауданда ірі қара малын өсіру болашақта басым бағыттардаң бірі бола алатынына нақты дәлелдер келтірді. Дәстүрлі мал шаруашылығын ойдағыдай өркендету үшін оның сенімді азық қорын жасау керектігін айтқан аудан басшысы ең алдымен егіншілікті дамыту, суармалы жерлерді тиімді пайдалану қажеттігін баса көрсетті. Аудан өзендеріндегі су жүйелерін жөндеп, ретке келтіру, мал азығына дақылдар егу мөлшерін арттыру, сол арқылы мал семірту саласын дұрыс жолға қою міндеттері алда тұрғанын айтты. Биыл 15 мал семірту алаңдарын іске қосу, оның төртеуін 400 бастық мал бордақылау орнына айналдыру қажеттігін ескертті. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын өз үйлері жанынан шағын мал семірту орындарын ұйымдастыруға шақырды.

 

«Өсірген, семірткен малымызды қайда апарып сатамыз, жылдағыдай оңтүстіктің алыпсатарлары арзан бағамен алып кетпей ме?» деген көпшіліктің сауалына орай аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы қытай елінің мамандарымен келісе отырып, таяу арада ауданнан бір мал сойып, ет өңдейтін, одан оншақты түрлі дайын өнім түрлерін әзірлеуге қабілетті зауыт салу көзделіп отырғанын алға тартты.

 

Егіншілікті дамыту мәселелеріне келгенде аудан басшысы ендігі жерде егіншілікке мемлекеттік көмек ретінде берілетін субсидия нақты еңбек табыстарына тікелей байланысты болатынын ескертті. Сол арқылы мемлекеттік көмек өндірісті тікелей дамытуға, оны техникалық жағынан      жарақтандыруға бағытталатынын атап өтті.

Сәтбаев ауылының тұрғындары ауылдарына әкім тұрақтамайтынын, ауыл басшысына лайық азаматтар өз ауылдарынан да табылатынын, ауылды тастап басқа жаққа көшіп кетіп жатқандар көбейгенін айтса, көкжыралықтар ауыз су мәселесін қозғады. Су құбырының сапасына тұрғындар сенімсіздікпен қарайтыны белгілі болды. «Көкжыра» өндірістік кооперативінің басшысы М.Аязбаев Серіктес ауылына таяу жердегі мал бордақылау алаңына электр жарығын жеткізу қиындығы шешілмей отырғанын жеткізді. Ауданда есептік жиындар одан әрі жалғасуда.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС