"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

27.01.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жылдың қазан айының соңғы күндері басталған мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған қалалық спартакиада осы жылдың қаңтар айының ортасында қорытындыланды. Спорттың әр түрін қамтып, екі жарым айға созылған спартакиада жеңімпаздары өткен аптада Семей қаласы әкімдігінде марапатталды. Марапаттау рәсіміне Семей қаласы әкімінің орынбасары Сәкен Нұртазаев қатысты.

{jcomments on}Бұл осымен мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған он бесінші спартакиада. Биылғы жарыста спорттың сегіз түрі бойынша төрт жүзге жуық адам бақ сынасты. Олардың арасында қала әкімдігінің бөлімдерімен қатар, облыстық, республикалық дәрежедегі мемлекеттік органдар қызметкерлері бар. Осы жолғы спартакиаданың алдыңғыларынан бір ерекшелігі — бір ай көлемінде емес, төрт ай бойы өткізілуі. Сонымен қатар қатысушылар саны да артқан. Дәстүрлі жарыстың қорытындысы бойынша әрбір спорт түрінен қала құрамалары жасақталып, олар облыстық спартакиадада қала намысын қорғайтын болады.

Жиын барысында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәке Нұртазаев мұндай жарысты ұйымдастырудың маңызы жайлы айта келе, оған барлық мемлекеттік органдардың қатысып келе жатқанын атап өтті.

 

— Спартакиада барлық спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды. Өз басым мұндай жарыстарға қатысып тұру мемлекеттік қызметкерлер үшін өте пайдалы іс деп есептеймін. Себебі спорттық жарыстарға қатысу арқылы біз өз денсаулығымызды нығайтып қана қоймай, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттаймыз, — деді Сәкен Рүстемұлы.

 

Спартакиада қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары арасында жалпыкомандалық есепте Семей қаласы ішкі істер басқармасы үшінші орынды иеленді. Екінші орын ҰҚК – нің    Семей қалалық басқармасының еншісінде. Бірінші орынға Семей қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының спортшылары қол жеткізді.

Азаматтық қызметкерлер арасында қалалық сот командасы үшінші орын алды. Екінші орын Семей қаласы қазынашылық басқармасының еншісіне тиді. Ал бірінші орынға Семей қалалық Мемлекеттік табыстар департаменті қол жеткізді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, әртүрлі аталымдар бойынша үздік деп танылған командалар мен жекелеген қатысушылар мақтау қағаздарына ие болды. Марапаттау рәсімінен кейін Сәкен Нұртазаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— Елбасымыз спортты дамытумен қатар, спортпен айналысу өте маңызды екенін айтуда. Бұл әсіресе мемлекеттік қызметкерлер үшін үлкен мәнге ие. Сол себепті тағы бір мәрте мұндай спартакиаданың өткізіліп келе жатқанына қуанышты екенімді айтқым келеді, — деді қала әкімінің орынбасары.

Жиын соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және әртүрлі аталымдар бойынша үздік деп танылып марапатқа ие болғандар естелік суретке түсті.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

14 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

14 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

17 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

18 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

18 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

19 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

19 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

19 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

19 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС