"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай ауданында әлеуметтік оңалту орталығы ашылды

21.07.2025
Абай ауданында әлеуметтік оңалту орталығы ашылды
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай ауданында 50 орындық жаңа әлеуметтік орталық есігін ашты. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, бұл нысанның маңыздылығын атап өтті.

Абай ауданында әлеуметтік оңалту орталығы ашылды

Жалпы ауданы 310 шаршы метрді құрайтын орталықта үш бағыт бойынша қызмет көрсетіледі: 30 адамға арналған жартылай стационар, 125 адамға үйде қызмет көрсету бөлімшесі және 10 адамға арналған отбасын қолдау орталығы. Барлығы 13 кабинеттен тұратын мекемеде 31 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда физиотерапия, емдік дене жаттығулары, массаж, психологиялық қолдау және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешенді оңалту қызметтері қарастырылған.

Абай ауданында әлеуметтік оңалту орталығы ашылды

Орталықтың ашылуына ерекше үлес қосқан – жергілікті тұрғын Сейфолла Рахымбаев. Ол өзіне тиесілі екі қабатты ғимаратты мемлекет меншігіне тегін беріп, әлеуметтік жобаның жүзеге асуына мүмкіндік жасады. Ал нысанды күрделі жөндеуден өткізу мен жабдықтауға облыстық және республикалық бюджеттен қаржы бөлінген.

Абай ауданында әлеуметтік оңалту орталығы ашылды

Салтанатты шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Берік Уәли орталықтың символдық маңызын атап өтті.

– Семей полигонының зардабын ең көп тартқан өңір – Абай ауданы. Ядролық жарылыстардың салдары мыңдаған адамның денсаулығына әсер етті. Сол зардаппен күрес бүгін де жалғасуда. Президент тапсырмасымен ашылған бұл орталық – тек емдеу емес, адамға деген құрметтің, үміттің белгісі. Орталықтың ашылуына атсалысқан Сейфолла Рахымбаевқа алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.

Берік Уәли орталыққа 16 орындық инватакси көлігінің кілтін де табыстады. Жаңа мекеменің ашылуы тұрғындар тарапынан үлкен ризашылыққа ие болды. Қарауыл ауылының тұрғыны Сәуле Райымбекова ата-аналар атынан алғыс айтып, бұл бастаманың шын мәнінде өмір сапасына оң ықпал ететінін жеткізді.

Абай ауданында әлеуметтік оңалту орталығы ашылды

Мақалада: Абай ауданыәлеуметтік орталықБерік Уәлиоңалту қызметіСемей полигоны

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

22 часа бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

24 часа бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС