"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҚСАТ — АВТОКӨЛІКТІҢ ЖАҢА ТҮРІН ҚҰРАСТЫРУ

28.01.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше қаламызда құрамында Беларусь Республикасы Өндіріс министрлігінің сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің басшысы В.Волчок, аталмыш елдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Г.Клыга «МАЗ» ААҚ-ның бас директорының орынбасары бар делегация болып қайтты. Сапар мақсаты – «Семей машинақұрастыру зауыты» ААҚ негізінде «МАЗ» маркалы автокөліктерді құрастыру жұмыстарын жүзеге асыру бойынша келісімге қол қою. Осыған байланысты «Семей машинақұрастыру зауыты» ААҚ-ның бас директоры Нұрлан Омаровтың қатысуымен арнайы кездесу өтті.

{jcomments on}- Біз үшін бұл жобаны іске асыру қаншалықты қызықты болса, соншалықты қиын екенін білеміз. Әрі осы бағыттағы жұмыстар дағдарыс кезіне тап келіп тұрғанын да түсінеміз. Дегенмен Елбасы айтқандай, іркілістен кейін алға өрлеу болатыны да мәлім. Сондықтан бұл жобаның сәтті жүзеге асырылатынына сенімдіміз. Әрі өнімнің бұл түрі сұранысқа ие болады деп білемін, — деді «МАЗ» маркалы автокөліктерді құрастыру жобасы туралы «Семей машинақұрастыру зауыты» ААҚ-ның бас директоры Нұрлан Омаров.

Сондай-ақ, ол сөзінде Минск автомобиль зауытымен бірлесе отырып, тіркемелер шығару қолға алынғанын жеткізді. Осыған дейін өндіріс орнында құрастырылған 100 тіркемені еліміздің Қорғаныс министрлігі сатып алғанын да айтып өтті.

Жалпы, жоба құны шамамен бір жарым миллиардтай теңгені құрамақ. Оның 600 миллионын зауытты қайта жаңғырту жұмыстарына, 700 миллионын көпбағытты қондыр-ғыларды сатып алуға бөлу көзделіп отыр. Өндірістік қуат көлемі бойынша 1000 «МАЗ» маркалы автокөлік пен 1000 тіркеме құрастыру жоспарлануда. Нәтижесінде зауытта жүзге тарта жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ауқымды жобаның жүзеге асырылуы машинақұрастыру саласының өркендеуіне септігін тигізіп қана қоймай, еліміздің, өңіріміздің экономикалық тұрғыда дамуына қосымша серпін бермек.

Бір айта кетерлік жайт — Беларусь тарапы «МАЗ» маркалы автокөліктерді құрастыру технологиясымен бөлісуде. Сонымен қатар «Семей машинақұрастыру зауыты» ААҚ басшылығы Минск автомобиль зауытының негізінде мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын қолға алуды жоспарлауда.

Жалпы, жоба аясында «МАЗ» маркалы автокөліктерді құрастыру ағымдағы жылдың шілде айында қолға алынады деп күтілуде.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

20 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

21 час бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

22 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС