"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алаш таныған «шын хакім»

08.08.2025
Алаш таныған «шын хакім»
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Бұл — қазақ халқы үшін айрықша мереке. «Алаш бесігі» атанған, ұлы ақынның кіндік қаны тамған Семей өңірінде, бүгінде Абай есімі берілген қасиетті топырақта басталған бұл айтулы той барша жұртымыздың жүрегінен орын тапқан, елдік мүдде мен ұлттық рухтың мерекесіне айналды. Абай – барша қазақ жұртына ортақ тұлға. Сондықтан Абайдың мерейтойы – бүкіл елге ортақ қуаныш, ұлт руханиятының ұлы мерекесі. Бұл – тек мереке емес, ұлы ойшылды жаңаша тануға, оның мұрасын жаңа ұрпаққа жеткізуге берілген мүмкіндік. Абай – өткеннің емес, бүгін мен болашақтың да темірқазығы. Оның өлеңдері мен қара сөздері қазіргі қоғам үшін де аса өзекті.

Абай — уақыттан биік тұрған тұлға. Сол себепті де Абайды еске алу тек мерейтой күндерімен шектелмеуі керек. Ол — мәңгіліктің шамшырағы.  Қазақ үшін Абай тіршіліктің нәрі іспетті. Табиғат күнсіз өмір сүре алмайтындай, ұлт Абайсыз рухани тұрғыдан кемеліне келе алмайды. Сондықтан Абайды күн сайын оқу, тану, үлгі тұту – әр қазақтың парызы. Абайды ұлықтау дегеніміз – оның мұрасын жүрекпен түсініп, күнделікті өмірде жүзеге асыру. Абайша ойлау, Абайша сөйлеу, Абайша әрекет ету – нағыз рухани жаңғырудың жолы осы болмақ.

Абай – қазақ халқының ой-санасын жаңғыртқан ұлы реформатор. Ол – ақын ғана емес, философ, ағартушы, сыншы,  ұлттың ар-ожданы. Оны ұлтымыздың кез келген саласынан шыққан айтулы тұлғалар өздеріне ұстаз санаған. Инженер, заңгер, геолог, жазушы болсын – бәрі де Абайдың сөзінен нәр алғанын мақтанышпен айтады. Абайдан тәлім алғандар өмірден өз орнын тапты, елге қызмет етті, ұлт мүддесіне адал болды.

Әсіресе ХХ ғасырдың басында ұлт үшін күрескен Алаш арыстары – Абайдың рухани жалғасы. Олар Абайды сүйді, оқыды, өмірлеріне жолбасшы етті. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы Абайды жүректерінің төріне қойған. Олардың барлығын біріктірген ортақ құндылық Абайдың асқақ рухы, елге деген сүйіспеншілігі еді. Қазақ тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің өкілдері — Алаш арыстары білімнің, еркін ойдың, ұлттық сананың жолында қызмет етті. Бұл идеялардың бастауында Абай тұрғаны даусыз. Ұлтқа деген махаббатты олар Абайдан үйренді. Ұлты үшін жанын құрбан етуге дейін барған қайсар рухты да Абайдан алды. Олардың әрқайсысының шығармаларынан, көзқарасынан Абайға деген сүйіспеншілік пен рухани жақындық байқалады. Бұл — кездейсоқтық емес. Абай да олар секілді елінің ертеңі үшін күйінді, қайғырды. Бірақ ол жалғыз болды. Айналасы мүлгіген қараңғылық жайлаған, надандығы көп орта оны көп түңілдірді. «Мыңмен жалғыз алыстым…» деуі де содан.

Ал Алаш азаматтары бір-біріне сүйеу бола білді. Олар Абай түңілген қараңғылықтан биік тұрды. Қуғын-сүргін, қысым көрсе де, олардың күрескерлік рухы мен сенімі мықты болды. Олар Абайды биікке көтеріп, оның идеясын іске асыруға барын салды.

Алаш арыстарының Абайға деген сүйіспеншілігі Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдарында айқын көрініс табады:

Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес…

Бір өкініштісі, жырды тұтас келтіріп жатпалық, осы аса келісті, әдемі шумақ кейбір еңбектерде әртүрлі болып кездеседі екен, мысалы, соңғы жолы бір еңбектерде: «әлемнің құлағынан әні кетпес» деп беріліпті. Тағы бір аңдап қалғаным, жырдың атауы да түрліше берілген. Бірде «Атақты ақын, сөзі алтын, хакім Абайға» десе, енді бірде «Сөзі алтын, хакім Абайға» деп берілген.

Мағжан ақын солай құбылтып, әр түрлі жазған деуге болмас. Зерттеуші ғалымдарға сын айтудан аулақпыз, дегенмен жинақ құрастырушылар, бұған жауаптылар осы жағына қатаң талап қойса болар еді. Өйткені қатардағы қарапайым оқырман немесе Абайды оқып, жырымен сусындаған шәкірттер адасып, шатасуы мүмкін ғой. Абайдың сөзін абайлап қолдануымыз керек.

Мағжан сөздерінің сиқырына арбалғандай, мақаламыздың атауын да «шын хакім» деп бердік. Ал Абайды «хакім» деп атаған жалғыз Мағжан емес екен, өзге алаш арыстарында да кездеседі. Мағжан жырының бірден санамызға оралу себебі  айрықша әсер еткенінен деуіміз керек шығар.

Абайдың өз туысы, Шәкәрім Құдайбердіұлы ақынның өз бағасын алмай өмірден өткеніне өкініш білдірген екен. Ол Абай туралы: «Абай дейтін хакім, данышпан кісі еді. Әттең, туған жері қазақтың іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді…» — дейді. Бұл Абайдың өз дәуірінде толық бағаланбағанын, бірақ оның болмысы ұлылық екенін айғақтайды.

«Хакім» деген бір ғана сөздің өзінде қаншама терең мағына, сыр, астар бар десеңізші. Бұл ұғымда — асылды тану, дананы даралау, сонымен бірге өз кемшілігімізге, рухани кедейлігімізге айтылған ащы сын да қатар жатыр. Абайды көзі тірісінде лайықты бағалай алмауымыз  халқымызға қойылған ащы әрі әділетті сын секілді.

Меніңше, Абай сияқты хакім, Шәкәрімдей тұлғалар ғана туған халқының кемшілігін осылайша удай тілімен жанға батыра, өткір айта алады.

Бұл сөздің мәніне тереңірек үңіліп, сөздіктер мен зерттеу еңбектерін қарастыра отырып көз жеткізгенім — «хакім» сөзі мен қазіргі «әкім» сөзінің түбірі ортақ болғанымен, мағынасы мүлде бөлек. Қазіргі «әкім» басқарушы, биліктегі тұлға болса, «хакім» — араб тілінен енген, «ғалым», «данышпан», «парасат иесі» деген терең мағыналы ұғым.

Абайдың өзі «Жиырма жетінші қара сөзінде» Сократты «Сократ хакім» деп атайды, бұл тегін емес. Бұл — оның ғұламалық деңгейін мойындауы. Демек, Абай бұл сөзді қолданғанда, жай құрмет емес, ғылым мен парасат биігін меңзеген. Алаш арыстарының да Абайды дәл осы мағынада «хакім» деп атауы оның терең білім иесі, дара ойшыл, ұлттық рухтың шамшырағы екенін мойындауы, өте орынды, нақты берілген баға. Біздің бұл сөздің мағынасына арнайы тоқталуымыздағы мақсатымыз  Абай мен Алаш арыстары арасындағы рухани сабақтастықты көрсету еді.

Абай мұрасы туралы сөз қозғағанда, әңгімемізді алаш көсемі Әлихан Бөкейханнан бастаған жөн. Өйткені Ұлы ақынның рухани биіктігін танып, алғаш баға берген — дәл осы тұлға.

1905 жылы Семейде шығып тұрған «Семипалатинский листок» газетінде Әлихан Бөкейханның «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» атты мақаласы жарияланған. Бұл Абай туралы жазылған ең алғашқы көлемді мақала еді. Мақала қазанама сипатында жазылғанымен, онда Абайдың тегі, есімінің қойылу тарихы, отбасы, ақындық болмысы, ел ішіндегі орны жөнінде мол мағлұматтар келтірілген. Әлихан Ибрагим есімінің мағынасына тоқталып, оның «Абай» деп аталуына қатысты да қызықты деректер келтіреді. Анасы мен әжесінің еркелетіп «Абай» деп атағаны, бұл есімнің халық арасында кең тарағанына да мән береді.

Жамбыл ақын айтқандай, Абай – өлең-жырдың пайғамбары. Оның елін ұйытқан, сөзін елге абайлап жеткізген қасиеті «Абай» есіміне де лайық. Әлихан осыны терең түсінген және ақынның шыққан тегі, ортасы, тәрбиесі арқылы оның тұлғасын аша түсуді мақсат еткен.

Абайдың көзі тірісінде Әлихан Бөкейханмен кездескен-кездеспегені жайлы нақты дерек жоқ. Алайда Абай дүние салғаннан кейін Әлихан оның өмірі мен мұрасын зерттеуге белсене кіріседі. Ақынның баласы Тұрағұлмен тығыз қарым-қатынаста болды. Алаш қозғалысына араласқан Тұрағұл да қуғын-сүргін құрбанына айналып, өмірі Абайдың өзге ұрпақтары секілді қысқа болды. Тұрағұл зерек, ізденімпаз, ұлтшыл бағыттағы азамат еді. Бұл қасиеттері Әлиханға ұнағаны анық. Сонымен қатар, Әлихан Абайдың немере інісі Кәкітаймен, шәкірті Көкбаймен де араласқан.

Әлихан мен Шәкәрімнің аналары туыс болған. Демек, олар бөлелер. Бұл да Әлиханның Абай ауылында жиі болып, сол ортадан рухани нәр алуына ықпал етсе керек. Оның ұлы ақынға ерекше көңіл бөлуінің себебі де осы — Абайды тани білу, Абайдың рухани мұрасын ұлт игілігіне айналдыру еді.

Әлихан Бөкейхан ұлттың қамын жеген нағыз тұлға болды. Абай шығармаларының жинақ болып жарық көруіне атсалысуы — соның дәлелі. Ол ақын мұрасының қазақ даласына кеңінен таралуына ықпал етіп, ғылыми тұжырыммен қорыта білген: «Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншалық көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ», — деп жазады ол.

Ғылыми көзқарасы қалыптаспаған, рухани ой-өрісі тереңдемеген адам Абайдай алып тұлғаның болмысын толық тануға және оған әділетті баға беруге қабілетті болар ма еді?! Өйткені, ойды тұжырып, дәл әрі сенімді түрде жеткізе білу — биік таным мен ақыл-парасат кемелдігінің көрінісі. «Дарынды тек дарын таниды» деген нақыл тегін айтылмаса керек.

Әлихан бастаған осы игі істі алаштың екі ірі тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы жалғастырғаны талас тудырмайды. Олар Абайды танып қана қойған жоқ, оны ұлттық әдебиет пен ой дүниесінің шыңына көтеріп, нағыз кемеңгер ретінде бағалады.

Қазақ әдебиетінің теориясын алғаш қалыптастырған, тіл білімінің негізін қалаған, өзі де ұлтының рухани ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы — абайтану ілімінің негізін қалаған іргелі еңбек. Ахмет Байтұрсынұлының Абай арнаған осы жалғыз мақаласының өзі тұтас бір ғылыми монографияға татиды деуге болады.  Ахмет Байтұрсынұлы Абай поэзиясының көркемдік, мазмұндық деңгейін жоғары бағалай отырып, оның шығармаларын саралап, жүйелеп, оқырманға бағыт береді. Автордың тілімен айтсақ: «…Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың…». Ахмет Байтұрсынұлы Абай поэзиясының күрделілігін, ойға терең бойлауға итермелейтін қасиетін сипаттайды. Сонымен қатар автор Абайды түсіну үшін  зейін, білім мен дайындық қажет екенін меңзейді. Яғни, автор оқырманды Абайды тек жаттап немесе үстірт оқу емес, тереңнен ұғынып, тануға үндейді.

«…Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек; мағыналы, мазмұнды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған…».

Аңдап отырғанымыздай, Абайды енді оқимын, танимын деп талаптанған шәкіртке де,  қарапайым оқырманға, қатардағы ел адамына да керек кеңес табылады. Ғұлама соқырға таяқ ұстатқандай етіп, Абайдың ұлағаты қайда жатқандығын, одан қандай өнеге алуға болатынын жіліктеп талдап, аспандағы темірқазық жұлдызындай айқын да түзу, турашыл  бағыт көрсетіп берген. Абайдың қаншама қасиетін танып, саралап берсе, білгісі келген, өнеге іздеген адамға одан өзге не керек. Міне, құрғақ ділмарлықтан ада, таза ғылым дегеніміз осы!

Ұлы Абай тағылымын алғаш халқына танытқан, мазмұнды мақала жазған тұңғыш абайтанушылардың бірі, сөз жоқ, Міржақып Дулатұлы. Ақын ретінде танылған Міржақып  сыршыл ой мен көркем толғанысты шебер ұштастыра отырып, хакім Абайдың қазақ халқы үшін қаншалық маңызды тұлға екенін айқындап берген. Ол Абайға қатысты пікірін былайша білдіреді: «… Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі терең мағыналы асыл сөзі атадан-балаға, немереден-шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз; Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар. Сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар, бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар…».

«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш — Абай сөзі, Абай ойы боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасындағы қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдызы — Абай. Абайдың есімін, сөзін өте құрметтеп, ұмытпастай басына белгі орнатып, құрметіне ізгі жайлар ашарға керек».

Халқын сүйген, халқынан шыққан ардақты перзенттерін бағалай білген алаш азаматының осылайша толғануы заңды.

Бүгін біз Абайдай ұлы тұлғаның асыл рухына тағзым ете отырып, оның алаш ардақтыларына қалдырған ұлағатын, ұлтқа деген шексіз сүйіспеншілігін, рухани сабақтастығын қайта зерделейміз. Себебі Абай — бүгін мен болашақтың темірқазығы.

Досжан ӘМІР,

ҚР Судьялар одағының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Абай ауданында «Жеті қазына» фестивалі басталды

08.08.2025
Абай ауданында «Жеті қазына» фестивалі басталды

Semeytany.kz – Абай облысында ұлы ақынның 180 жылдығына арналған онкүндіктің сегізінші күні «Жеті қазына» атты республикалық мәдениет, спорт және туризм...

Толығырақ...Details

Семейде республикалық айтыс басталды

08.08.2025
Семейде республикалық айтыс басталды

Semeytany.kz – Семей қаласында Абайдың 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысы басталды. Абай атындағы театр сахнасында өткен...

Толығырақ...Details

Премьер-министр құрылысшыларды марапаттады

08.08.2025
Премьер-министр құрылысшыларды марапаттады

Semeytany.kz – Құрылысшылар күні қарсаңында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құрылыс саласының үздік қызметкерлері мен ардагерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан...

Толығырақ...Details

«Самұрық-Қазынадан» Ерекше жандарға Ерекше сый

08.08.2025
«Самұрық-Қазынадан» Ерекше жандарға Ерекше сый

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған он күндік мерейтойлық шаралар жоғары деңгейде өтуде. Онкүндік аясында Семей қаласы мен облыстың...

Толығырақ...Details

Абай тойы – ел мерейі

08.08.2025
Абай тойы – ел мерейі

Биыл қазақ ойын жаңа арнаға салып, дәуірдің бұрылыс кезеңін жасаған дала данышпаны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Бұл еліміз...

Толығырақ...Details

«Абай елі – өнер кеніші»

08.08.2025
«Абай елі – өнер кеніші»

Кеш барысында дәстүрлі ән мен күй, терме мен би, театрландырылған көріністер және заманауи өнер туындылары көрермен назарына ұсынылды. Айта кетерлігі,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында «Жеті қазына» фестивалі басталды

8 часов бұрын

Семейде республикалық айтыс басталды

9 часов бұрын

Премьер-министр құрылысшыларды марапаттады

9 часов бұрын

«Самұрық-Қазынадан» Ерекше жандарға Ерекше сый

9 часов бұрын

Абай тойы – ел мерейі

10 часов бұрын

Алаш таныған «шын хакім»

10 часов бұрын

«Абай елі – өнер кеніші»

10 часов бұрын

Жыр мүшәйрасының жүйріктері анықталды

10 часов бұрын

 Интернет сапасы назарда

10 часов бұрын

Алакөлдің инфрақұрылымы жақсарады

10 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС