"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҮРДІСІ

03.02.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аудан әкімі міндетін атқарушы Рамил Сағындықовтың төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде сүт өндірісін өркендету мен бюджеттік шығындарды оңтайландыру мәселелері қаралды.

{jcomments on}Аудандағы сүт өндірісін өркендетудің жоспарын іске асыру жөнінде ауылшаруашылық және мал дәрігері бөлімінің басшысы М.Теміржанов, Бастаушы ауылдық округінің әкімі М.Қапшықов пен Көкжайық ауылдық округінің әкімі Н.Сүлейменов  хабардар етті. Округ әкімдері жай ғана деректерді атап өтпеу керектігін тілге тиек еткен Рамил Нығметжанұлы  ауылшаруашылық бөлімінің басшысына жұмыс жоспарларының сараптамасы болу керектігін және өзекті мәселелерді шешу жолдарын көрсету қажеттігін ескертті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы осы мәселе төңірегінде  Бастаушы және Көкжайық ауылдық округ әкімдері мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері бойынша есептеулер жүргізуде мұқияттылық қажет екендігін айтты.

 

— Ауылдық округ әкімдеріне берілген бірінші кезектегі тапсырма – сүт жинау мен қабылдау пункттерін ұйымдастыру. Бұл нақтыланған жоба болуға тиісті. Уақыт бір орында тұрмайды, өткенге телмірудің қажеті жоқ, бүгінгі таңда осы мәселе бойынша инновациялар көп. Бұл мәселені округ тұрғындары мен кәсіпкерлерге дұрыс жеткізу қажет. Сонымен қатар мемлекет сүт өндіру жабдықтарына кеткен шығындарды субсидияландыратынын түсіндіру керек. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін пайдалануға міндеттіміз. Бұл тақырып дағдарыспен де байланысты ерекше өзекті болып табылады. Бюджет саласындағы жұмысшыларды қысқарту күтілуде, сондықтан адамдар басқа кіріс көздерінің мүмкіндіктерінен хабардар болулары тиіс. Әзірге бұл мәселе төңірегіндегі ауылдық округ әкімдерінің жұмыстары көңіл толтырарлық емес, – деді  Рамил Нығметжанұлы.

 

Сүт өндірісін ұйымдастыру мәселесі жөнінде де сөз қоз-ғалды. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы   Н.Алиясовты тыңдай келе, Р.Сағындықов бүгінгі күні аудандағы сүт пен сүт өнімдерінің сараптамасы жоқтығын атап айтты.

– Сүт өнімдерін сату орындарында оның қандай мөлшерде екені, оларға деген сұраныс қандай, білім және денсаулық сақтау мекемелері мен ауыл тұрғындарының сүтке деген сұранысы қаншалықты екенін ешкім білмейді, – деді ол. Сол себепті әкім міндетін атқарушы кәсіпкерлер бөліміне шұғыл тапсырма берді.

Жиналысты қорытындылай келе, Рамил Нығметжанұлы әлемдік дағдарысқа байланысты бөлім басшыларына бюджет шығындарын оңтайландыруды қолға алуды тапсырды.

– Оңтайландыру үрдісі – таңдау жасаудың ең қолайлы нұсқасы, – деп қадап айтты ол, — бұл ауқымды үрдісті жүзеге асыру барысында ағымдағы негізсіз шығындар қысқаратыны анық. Бірақ  нені қалай қысқартуды білу маңызды. Жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – бөлім басшыларының басты міндеті.

Надежда ШАРОВА,

Көкпекті ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС