"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫР ДОДАСЫ ДАЛА КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық онкүндіктің сегізінші күнінде Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

13.08.2025
ЖЫР ДОДАСЫ ДАЛА КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛДЫ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сөз додасында еліміздің әр өңірінен келген он екі айтыскер бақ сынады. Олардың қатарында «Айтыстың ақтаңгері» Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан сынды 6 «Алтын домбыра» иегері, сондайақ Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Серік Қуанған, Қуандық Кенжебекұлы, Айбек Серікқазин болды.

Айтыс шымылдығы айрықша көрініспен ашылды: айтыс өнерінің жанашыры, ұлт руханиятының абызы атанған Жүрсін Ерманды Абай облысының әкімі Берік Уәли сахнаға қызыл кілеммен жүргізіп алып шықты. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, айтыскерлерге сәттілік тіледі. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абайдың 180 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырған болатын. Облысымызда ұлы ойшылдың 180 жылдығы алғаш рет кең ауқымда аталып өтуде. Бұл – он күндік той тойлау емес, ой ойлау деңгейінде ұйымдастырылып жатқан мерейлі шара.

ЖЫР ДОДАСЫ ДАЛА КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Алаштың астанасы Семей топырағы — тұңғыштар мекені. Қазақ даласындағы тұңғыш театр, тұңғыш баспа, тұңғыш футбол клубы, тұңғыш телеграф, тұңғыш банк, тұңғыш цирк Семей жерінде дүниеге келді. Қазақтың тұңғыш кәсіби әншісі Әміре Қашаубаев Семей топырағынан түлеген. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абайды да тұңғыш деуге толық қақымыз бар. Сондықтан тұңғыштар жеріне қош келдіңіздер! Бұл жолғы айтыс бұрынғы айтыстардан өзгерек. Олай дейтініміз, мықты ақындардың барлығы осында. Мұндай айтыс Семей жерінде көптен бері өткен жоқ. Бүгінгі сөз додасында ақындардың жақсы сөз айтып, халықты бірлікке, елдікке шақыруына тілектеспіз. Абай тойы құтты болсын!- деді облыс басшысы.

Айтысты белгілі айтыскер ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев жүргізді. Сөз сайысына қазылар алқасының төрағасы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахманов, ақын Төлеген Жанғалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Серік Қалиев, Қалқаман Сарин, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ринат Зайытов пен Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Абай облысы филиалының төрағасы Дәулет Сметов төрелік етті. Абай атындағы театрда бір күн бойы жұртшылықты жіпсіз байлаған сөз сайысының нәтижесінде бас жүлдеге тігілген автокөлікті қарағандылық Мақсат Ақанов жеңіп алды. Бірінші орын алған Рүстем Қайыртайұлы 3 млн теңге сыйақыға ие болды. Екінші орын алған Айбек Қалиев пен Мейірбек Сұлтанханға 1 жарым млн теңге берілді. Үшінші орынды Әсем Ережеқызы мен Жансая Мусина жеңіп алып, 1 млн теңгеге ие болды. Айтысқа қатысқан басқа да ақындарға 500 мың теңгеден берілді. Ақын Қуандық Кенжебекұлы Сиязбек Сүлейменов әулетінің арнайы жүлдесіне (200 мың теңге) ие болса, облыс әкімінің 500 мың теңге көлеміндегі арнайы жүлдесі Мұхтар Ниязовқа табысталды.

– Бүгінгі айтысқа қатысқан ақындардың шеберлігіне де, көрерменнің қошеметіне де тәнтімін. Айтыскерлердің барлығы да Абайдың болмысын, рухани әлемін тереңнен толғап, халыққа жеткізе білді. Айтыстың басы-қасында қаншама жыл жүріп, қаншама айтысты, сансыз көрерменді көрдім. Бірақ осындай әділетті, өнерге шын жанашырлықпен қарайтын, ерекше қошемет көрсететін көрерменді бұрын-соңды көрмеппін, – деп жүрекжарды пікірін білдірді айтыстың мәртебелі қонағы Жүрсін Ерман.

Айтыстың марапаттау салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Аймақ басшысы осындай айтыс жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратынын айтты. — «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» жырлаған гуманист ақын Абайдың мерейтойына арналған «Адамзаттың Абайы» республикалық ақындар айтысы өте жоғары деңгейде өтті деп есептейміз. Ақынның мұрасын насихаттауға арналған айтыс Семейдің төрінде өтуі керек. Келесі жылдан бастап ұйымдастырып тұрамыз. Республикалық айтыстың күнтізбелік тізіміне енгізуді сұраймыз,- деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Абай тойына орай ұйымдастырылған республикалық айтысқа төрелік еткен қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерманға, қазылар алқасының мүшелері Сауытбек Абдрахманов пен Төлеген Жанғалиевқа, айтысты жүргізген Аманжол Әлтайға құрмет көрсетіп, арнайы тапсырыспен жасалған Абай шапаны мен тақиясын және мерейтойлық кілемшені сыйға тартты. Айтысқа жиналған халықтың қарасы қалың болды. Залда ине шаншар орын табылмады. Көрермендер театр алдына қойылған лед-экраннан да тамашалады. Бұл – халқымыздың Абай мұрасына, төл өнерімізге деген ерекше ықыласының айғағы. Ұлы ақынның өмір жолын, рухани мұрасын өз жырларына арқау еткен саңлақтардың сөз сайысы айтыс өнеріне шөлдеп қалған жерлестеріміз үшін шын мәнінде рухани мереке болды.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

9 часов бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

20 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС