"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНСУЛИН ҮШІН КҮРЕС

Әлеуметтік мәртебеден айырылған мыңдаған науқас өздерінің ертеңіне үреймен қарайды.

15.08.2025
ИНСУЛИН ҮШІН КҮРЕС
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап детемир инсулинін жеткізу тоқтатылады. Ал деглудек инсулині тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана қолжетімді. Қант диабетінің  әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен шығарылуын  көпшілік түсінбей дал…

Қант диабеті – әлем бойынша миллиондаған адамның өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін күрделі әрі созылмалы дерт. Қазақстанда бұл диагнозбен өмір сүріп жатқан азаматтар саны жылдан-жылға артып келеді. Соңғы уақытта елімізде диабетпен ауыратын адамдардың өз өмірлеріне қатысты  алаңдаушылығы тіпті ерекше болып тұр. Өйткені 2025 жылғы 14 шілдеде қабылданған №206-VIII ҚР Заңына сәйкес, қант диабеті әлеуметтік маңызы бар аурулар санатынан алынып тасталды. Бұл ретте заңнамада нақты анықталмаған «жасөспірім жастағы балалар» деген түсініксіз термин қолданылған. «Мұндай тұжырым заңнамаға сенімділікті төмендетіп қана қоймай, мыңдаған бала мен жасөспірімді емделу құқығынан айыруы мүмкін», – дейді медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстандық қант диабетін зерттеу қоғамының төрағасы Жанай Ақанов.

Инсулинге тәуелді  науқастар бұл қадамды мемлекет тарапынан пациенттерді қолдаудан бас тарту деп қабылдауда. Ресми деректерге сүйенсек, елдегі ересек тұрғындар арасында 2-типті қант диабетінің таралуы 8,2 пайызды құрайды, бұл — шамамен 1 640 000 адам деген сөз. Аталған аурудан туындайтын асқынулар, мүгедектік пен өлім жағдайларынан экономикаға келетін жыл сайынғы шығын көлемі 436 миллиард теңгеден асады екен.

Аталған мәселе инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын мыңдаған азаматтардың өміріне тікелей әсер ететіні белгілі. Қолданыстағы инсулин көптеген науқастар үшін тиімділігі дәлелденген,  қандағы глюкоза деңгейін  тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беретін маңызды дәрілік зат.

Сонымен қатар қант диабеті – жүрек-қан тамырлары ауруларының, инфаркт пен инсульттің негізгі себептерінің бірі. Осы орайда  қант диабетін әлеуметтік маңызы бар диагноздар қатарынан алып тастау ондаған мың науқасты жүйелі медициналық қолдаудан айыру деп білеміз.

Бұл жағдай инсулинге тәуелді науқастарды қатты алаңдатуда.  Қант диабетінің  әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінде болуы тек дәрі-дәрмекпен қамтуды ғана емес, сонымен қатар тегін тексерулер, диспансерлік бақылау, оңалту шараларын да  қамтамасыз етеді. Қант диабеті – бұл жай ғана диагноз емес, бұл  дертпен күн сайын  күресіп жүрген мыңдаған адамдардың тағдыры. Сондықтан адамдардың денсаулығы мен өмір сапасына қатысты  маңызды мәселеге байланысты тағдырлы шешім қабылдамас бұрын қоғаммен ашық диалог орнату қажет болатын. Денсаулық сақтау саласындағы мұндай елеулі өзгерістердің халықпен кеңеспей шешілуі  осы дертпен жылдар бойы алысып келе жатқан науқастар тағдырын аяқасты ету деп білемін.

Инсулинді алып тастап, қаржыны үнемдеген кімге тиімді? Қант диабетімен күресуге арналған негізгі құрал – инсулинді науқастарға тегін беруді тоқтату  себебі қаржыны үнемдеу үшін екені белгілі. Бірақ бұл үнемнің құны қаншаға түсер екен? Бұл – мыңдаған адамның денсаулығы, өмірі. Мысалы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне еліміздегі әрбір еңбекке қабілетті азамат ай сайын жарна төлейді. Бірақ сол жарнаның игілігін шын мәнінде көріп жатқан халық көп пе? Көпшілігі жылдап дәрігерге жүгінбейді, кейбірі ақылы емханалардың табалдырығын тоздырып жүр. Ендеше, халық төлеп жатқан қаржы қайда кетіп жатыр? Неліктен науқасқа қажетті инсулинді МӘМС есебінен қамтамасыз етпеске? Бұл да  қоғамды алаңдатқан орынды сұрақ.

Қант диабеті – тек қандағы қант мөлшерін реттеумен ғана шектелетін дерт емес. Бұл – адамның бүкіл ағзасына әсер ететін күрделі сырқат. Сөзіміздің басында айтып кеткендей, диабетпен ауыратын науқастардың жүрек-қан тамырлары, қан қысымы, тері, көру қабілеті сияқты қосымша ауруларға төтеп беру қабілеті әлсіз болғандықтан, инсулиннен үнемделген бүгінгі қаржы ертең қымбат операциялар мен күрделі емге жұмсалмасына кім кепіл? Ендеше, үнемдейміз деп ұтылып қалмаймыз ба?

Мамандар қант диабетін «үкім емес, өмір сүру салты» деп түсіндіреді. Дұрыс күтінсе, диета сақтаса, белсенді өмір салтын ұстанса, бұл дертпен бірге ұзақ өмір сүруге болады дейді. Бұл – рас та шығар. Алайда мұндай «өмір сүру салты» бәріне бірдей қолжетімді ме?

Диетологтер диабетпен ауыратындарға көмірсуларды шектеуді, орнына белок пен көкөніс тұтынуды ұсынады. Бірақ мұндай тағамдардың бағасы арзан емес. Ақуызға бай ет өнімдері мен сапалы азық-түлік қарапайым отбасылардың дастарқанында күнде бола бермейді. Ал көмірсуға толы нан, макарон, картоп сынды өнімдер – арзан әрі күнделікті тұтынылатын тағам.

Сонда дұрыс тамақтануға кеңес беру жеткілікті ме, әлде әлеуметтік жағдайды ескеретін кешенді қолдау керек пе? Диабетпен өмір сүру – тек ерік пен тәртіптің ғана емес, сонымен бірге мүмкіндік пен қолдаудың да мәселесі. Тамақ таңдауға әлеуметтік мүмкіндік жоқ жерде диета туралы айту – құрғақ кеңес болып қала ма?

Бір отбасының бір мүшесі диабетпен есепте тұрса, бұл – тек медициналық мәселе емес, бұл – күн сайынғы күйзеліс, қаржылық ауыртпалық, үміт пен қорқыныш қатар жүрген өмір. Осындай тағдыр иелерінің үніне құлақ асатын жан бар ма? Ендеше, Медициналық сақтандыру қорына жиналған қаржының адамның денсаулығын қорғауға, қажет сәтте көмек көрсетуге бағытталғаны рас болса, онда  бірінші кезекте қант диабетімен ауыратын жандарды дәрісіз қалдырмау керек!

Сұрақ көп…

Риза МОЛДАШЕВА

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

29.10.2026
Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

Семей медицина университетінде өткен «Bir Tolqynda» диалогтік алаңында Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды бастамалар талқыланды. Жастар инфрақұрылымды дамыту, ең төменгі жалақыны...

Толығырақ...Details

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

29.10.2026
Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

Бүгін аймақ башысы Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты...

Толығырақ...Details

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

38 минут бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

42 минуты бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

21 час бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

21 час бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

21 час бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

21 час бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

21 час бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

21 час бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

21 час бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС