Semeitany.kz — Семейде полицейлер «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 29 жастағы жергілікті тұрғынды психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады. Жеке тінту кезінде оқшаулағыш таспамен оралған ақ түсті ұнтақ салынған 25 полимерлік пакет табылып, тәркіленді.
Сот сараптамасы тәркіленген заттың психотроптық зат екенін анықтады — 2-(пирролидин-1-ил)-1-фенилпентан-1-он (a-PVP, α-пирролидиновалерофенон). Жалпы салмағы 15 граммды құрайды.
Аталған дерек бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасуда.