"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҺАР АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

10.02.2015

Үшінші ақпан күні Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев халықпен есептік кездесуін өткізді. Жиын барысында 2014 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат берілді. Сонымен бірге тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.

{jcomments on}Кездесуге қаладағы орта және шағын бизнес өкілдері, ядролық технологиялар кәсіп-орындарының, қалалық емхананың, 3514 әскери бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты. Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев 2014 жылы жүзеге асырылған шаруалар   жайлы айтты. Сондай-ақ ол өз есебінде 2015 жылға арналған жұмыс жоспары мен «Нұрлы жол —  болашаққа бастар жол» атты Жолдау аясында қолға алу межеленген жұмыстар туралы ақпарат берді.

 

Уақыт өте келе қала халқын толғандыратын сұрақтардың мазмұны мен тақырыбы өзгеруде. Бұған кездесу барысында айтыл-ған сөздер дәлел бола алады. Бұрын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер қозғалса, қазіргі таңда тұрғындар туған қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу жайына қатысты бастамалар көтеруде.

 

Әлбетте, кездесу барысында қала халқы үшін маңызды салаларға байланысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Мәселен, тұрғындар балабақша құрылысының қашан басталатыны, «Семей  Курчатов» автокөлік жолының қашан жөнделетіні жайлы сауалдар қойды. Бұдан бөлек қала халқы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының, медициналық қызмет түрлерінің, маршруттық таксилер қызметінің сапасы жайлы, коммуналдық қызметтердің жұмысындағы олқылықтар туралы сөз қозғап, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін жөндеуден өткізу мәселесін көтерді.

Нұрбол Жолдасбекұлы кездесу барысында өзіне қойылған барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Басқосуға қатысушыларды қаланы көркейтіп, дамытуға бір адамдай атсалысуға шақырды. Ал тұрғындар қала әкімінің көтерген бастамаларына қолдау көрсететіндіктерін айтып, алдағы уақытта атқарар жұмысының жемісті болуына тілектестіктерін жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

4 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

21 час бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

21 час бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

24 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС