"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАУЫЛ ҚЫСЫ КӨНІЛДІ

10.02.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қарауылдың қақ ортасында құйылған мұз айдыны ауыл жастарының, мектеп оқушыларының  денсаулықтарын шыңдап, уақыттарын көңілді өткізетін таптырмас демалыс мекені болып тұрғанына бірсыпыра уақыттың жүзі болды. Жуырда осы мұзайдында допты хоккейден Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдығына арналған ересектер арасындағы аудандық жарыс болып өтті.

{jcomments on}Қарауыл мұзайдынына жиналған ауыл жастары сол күнгі ызғарлы желді де елемеді. Жарысқа тыңғылықты дайындалып, қыздырынып, жаттығып жүрген     оларға қараудың өзі бір ғанибет. Міне, жас спортшылардың асыға тосқан сәті де келіп жетіп, аудан әкімінің орынбасары Марат Еділбаев аудан жастары арасындағы допты хоккей жарысын ашық деп жариялады. Қамшы салдырмас жүйріктердің бәсекеге толы кездесулерін тамашалауға келген жанкүйерлердің қарасы да көп.

 

Жарыс екі  топқа бөлініп өткізілді. Ересектер арасында өткен бәсекеге 8 команда қатысты. Екі күнге созылған сайыстарда электр жүйесі мекемесінің, Абай атындағы мектеп-лицейдің,  Қарауыл гимназиясының,  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және Көкбай, Құндызды, Кеңгірбай би, Саржал ауылдарының  командаларының ойыншылары тартысты ойын өрнектерімен тәнті етті. Нәтижесінде үздік ойындарымен шеберліктерін танытқан төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды. Төрешілер алқасының шешімі бойынша I орынды Кеңгірбай би ауылының командасы, II орынды спорт мектебінің ұжымы, III орынды электр жүйесі мекемесінің тарландары жеңіп алды. Айшықты ойындар сәтінде III орынды алуға ұмтылған Құндызды ауылы мен электр жүйесі командасы арасындағы қызу бәсеке тартысты да  қызықты өрбіді. Екі таймда да командалар тең ойнады. Қос команда тең түскендіктен, қосымша 5 минут уақыт беріліп, екі таймда тағы да тең түсті. Ақыр соңында екі команда бір — біріне пенальти соғып, 3:2 есебімен электр жүйесі мекемесі спортшыларының мерейі үстем болды.

 

Ойын барысында ерекше өнерімен көзге түскен спортшылар арнайы тағайындалған марапаттауларға ие болды. «Үздік қақпашы» атағына электр жүйесі мекемесінен Қ.Муслиманов,  «Үздік ойыншы»  атағына  спорт мектебінің ойыншысы,  атақты спорт ардагері Б.Хаметов, «Үздік қорғаушы» болып спорт мектебі командасынан А.Қадыров танылса, «Үздік шабуылшы» ретінде  құндыздылық Ж. Әнуарұлы мадақталды. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Алдағы уақытта да ауыл жастарының салауатты өмір салтына деген құлшыныстарын арттыратын осындай  жарыстар жалғасын таба бермек.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

“Семей таңы”

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

12 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

12 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

12 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС