"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЗГЕР СЫРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШТЕ

10.02.2015
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аудандық Мәдениет үйінде Өнер мектебінің директоры, Бесқарағай ауданының Құрметті азаматы, жергілікті сазгер Нұрғазин Қайлаш Баймақұлының 65 жылдық мерейтойына орай жеке шығармашылық кеші өтті.

{jcomments on}Өнер иесінің шығармашылық кешіне аудан әкімі Нұрлан Сыдықов бастаған жергілікті билік өкілдері арнайы келді. Сол сияқты сазгердің отбасы мен туған-туыстары, әріптестері, достарымен қатар, жерлестері де кешке көптеп жиналды. Ауданның мәдениет саласын дамытуға өзіндік үлес қосып, біршама әндерге әуен жазып, жерлестерінің мақтанышына айналған Қайлаш Баймақұлының еңбегі бүгінгі таңда ескерусіз қалмады.

Кеш шымылдығы сазгердің 16 жасында жазған «Встреча Серпантины» атты алғашқы әнімен ашылды. Сонымен қатар кеште өнер иесінің өмірбаяны, отбасы, қызметтегі жетістіктері слайд және бейнероликтер арқылы көрсетіліп отырды. Кеш барысында көрермен қауымға Өнер мектебінің балалар хоры мен вокалдық тобының орындауында «Анашым», «Край родной,  Иртыш балапан» әндері ұсынылса, бұдан басқа «Әкеме», «Домбыра», «Осеняя» романсы, «Девушка Востока», «Уезжает» сынды әндері де көпшілік көңілін серпілтті.

 

Сондай-ақ жиналған жұртшылық сазгердің шығармашылық кешінде сахна төріне шығып, «Ауылым,  Есілім Ертісім» әнін С.Құсмановтың, «Руки матери» әнін Г.Баюннің орын-дауында тыңдаса, «Военная тема» атты гармоншы балладасы мен баяншылар ансамблінің кешке арнаған тартуларын да қошеметпен қабылдады. Сол сияқты «Семейім», «Огни Усть-Каменогорска» әндерін Баталовтар дуэті нақышына келтіре шырқаса, «Қайдасың?» әнімен ортаға шыққан Ә.Жұмағазина көпшілік көзайымына айналды. Вокалдық топтың орындауындағы «Мой Восточный Казахстан», «Доброе утро, мой Казахстан» сынды әндер де шығыс өңіріне таралып үлгерген еді. Бұл кештің ең басты жемісі атанған, дәл осы сәтте жаңадан тұсауы кесілген «Первый дождь», «А жизнь как море» атты сазгердің заманауи әндерін өнер мектебінің дарынды оқушысы А.Байбосынова орындады. Жаңа әуендердің көрермен көңілінен шыққандығы олардың ыстық ықыласынан анық байқалды. Шығармашылық кеш Бесқарағай ауданының әнұранына айналған «Бесқарағай» әнімен аяқталып, әнді қосыла шырқаған бесқарағайлықтар сазгердің өнеріне бас иіп, өзіндік шығу тарихы бар әр әуенін сүйіп тыңдап, ризашылықтарын қошеметпен жеткізді.

 

Кеш соңында Қайлаш Баймақұлының өнерін бағалап, қуанышымен ортақтаса келген аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықов көпшілік алдында өнер иесіне деген жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.  Сонымен қатар ШҚО әкімінің қоғамдық көмекшісі В.Козинский, білім беру бөлімінің басшысы К.Тастенбекова, ішкі  саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Мәде-ниет үйінің, Өнер мектебінің ұжымдары мерейтой иесіне жүректен шыққан ақ тілектерін арнады.

Әке жолын ардақ тұтып, өмірін өнерге арнаған Қайлаш Баймақұлы Нұрғазиннің бесқарағайлықтарды әлі талай әсерлі әндерімен қуантары сөзсіз. Сазгерге шалқар шабыт, еңбегіне жеміс, отбасына қуаныш пен шаттық тілейміз.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

26 минут бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

49 минут бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС