"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІЛЕГІМІЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ

10.02.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

6 ақпан күні еліміз бойынша Қазақстан   Халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы өтті. Бұл айтулы сәтке орай әртүрлі ұлт өкілдері береке-бірлікте, тату-тәтті жемісті еңбек етіп, өмір сүріп отырған Үржар ауданында да «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау алуы» атты синхрон-акциясы өтті.

{jcomments on}Салтанатты сәтте сөз алған аудан әкімі Серік Зайнулдин Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халық Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы жариялағандығын, мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған тәуелсіз полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындағандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносарал-ық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылатындығын да айтты.

 

— 20 жылдық тарихы бар ұйым   елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті.

 

Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін этнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демографияның қалыптасуына тікелей атсалысуда, — дей келе, аудан басшысы Елбасы бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамытумен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты- нығайтуда аса маңызды қыз-мет атқаратындығын ерекше атап өтті. «Бірлігі мықты ел озады» демекші, елімізде 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұрақтылық пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын баяндады. Үржар ауданы да көпұлтты аудан екендігіне тоқталды.

— Бүгінгі күні ауданда этносаралық татулық пен ауызбіршілік, ыры-с пен ынтымағымыз жарасып отыр. Ауданда барлығы 79718 халық тұрып жатыр, оның 9,2%-ы өзге ұлт өкілдері. Ауданда жоспарланып іске асырылып жатқан шаралармен аудан халқының береке-бірлігі мен ынтымығын жарастырып өзге ұлт өкілдерін береке-бірлікке тату тәтті өмір сүруіне ықпал етуде. Барлық ұйымдастырылатын шараларда өзге ұлт өкілдері белсенді атсалысты,- деді Серік Зинабекұлы.

Сөзін қорытындылаған аудан әкімі үржарлықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады.

Аудан халқы атынан сөз алған Крупская орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі  меңгерушісі Федор Лабаденов татулық  тұғырымыз екенд-ігін тілге тиек етті.

— Молдован, қазақ, орыс, қытай, неміс, украин ұлтының өкілдерімен, туыстарымызбен аралас-құраласпыз, бүгінгі таңда барлығымыз материалдық, моральдық жағынан молшылық пен тұрақтылықты сезініп отырмыз. Қазақстан сан түрлі ұлт пен ұлыстың ұрпағына кең құлашын жайып, ортақ Отанымызға айналды. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен кеңпейілділігі еліміздегі барлық халықты бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырып отыр. Біз бейбіт аспан астындағы ғұмырымыз үшін Елбасы Н.Назарбаевқа алғыс айтамыз,- дей келе, Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында болашаққа сеніммен қарайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, әр ұлт пен ұлыстың мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Ақжарма тілектерден соң мереке композициялық қойылымдармен қоса патриоттық сарындағы және әр ұлт өкілдерінің ән-билерімен қыза түсті.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС