"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫ БАСТАУ АЛДЫ

10.02.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Ақпан айының алтысы күні ел аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми ашылуына арналған ауқымды синхрон-акция өтті. Шара аясында Семей қаласының Достық үйінде де салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бірлік пен берекені нығайтуда ерекше қызмет атқарып келе жатқан қоғамдық институт — Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған басқосуға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, Достық үйінің директоры Аман Тілеубаев, ұлттық-мәдени бірлестіктер мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

{jcomments on}Салтанатты шара барысында бірінші болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева жиналған қауымды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуымен құттықтады. Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы ынтымақты нығайту мен отансүйгіштіктің нақты көрінісі екенін атап өтті. Ұлтаралық келісімнің баға жетпес құндылық болып табылатынын тілге тиек етті.

— Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын қолдай білген барлық ұлт пен ұлыстың өзара ықпалдастық, еліміздің өркендеуі жолындағы табанды еңбегінің арқасында отанымыз дамудың даңғыл жолына түсті. Елбасының жарлығымен жиырма жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін толыққанды дәлелдеуде. Қазақстан Республикасы «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» ұранымен өркендеу жолына түсті. Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. Бір ел – ол барлығымыз үшін ортақ отан. Бір тағдыр – бұл бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл — біздің ортақ келешегіміз, игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан, — деді қала әкімінің орынбасары.

 

Сондай-ақ Зәуреш Рамазанқызы өз сөзінде стратегиялық бағыттан ауытқымай, «Нұрлы жол» бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның тұрақтылығы аса қажет екенін атап өтті. 2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау тұрғысынан Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Республикасының Конституциясының және Ассамблеяның жиырма жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Ұлы Абайдың 170 жылдығы сияқты мерейлі даталармен айшықталып отырғанын тілге тиек етті. Барлық ұлт өкілдерін осынау мерейтойларды атап өтуге белсене қатысуға шақырды.

 

Салтанатты шара барысында көрермендер назарына Достық үйінің құрамында жұмыс істеп жатқан ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері әзірлеген арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар ән шырқап, би билеп, жиналған қауымға шат-шадыман көңіл  күй сыйлады. Сондай-ақ шара барысында әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрінен, тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін бұйымдар, заттардан құралған көрме ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуы күні шараға қатысушы қауым бір-біріне жылы лебіздерін арнап, құттықтау-тілектерін айтып жатты. Солардың бірі — «Айша-Бибі» мәдени орталығының жетекшісі Айман Бокбасарова. Өзінің құттықтау сөзінде ол Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтудағы ролі туралы айтып өтті.

— Жиырма жыл бұрын, яғни 1995 жылы, Ассамблея құрылды. Мақсаты бәрімізге белгілі – көпұлтты елімізде ұлтаралық татулықты нығайтып, барша халықтың жарасымды ғұмыр кешуін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда бұл мақсат толық орындалып келеді деп ойлаймын. Мысал ретінде келтірсем, оған біздің қаламыздағы барлық ұлт өкілдерінің бір-бірінің мерекелерін бірге тойласып, ұйымдастырған шараларының жақсы деңгейде өтуіне атсалысуы дәлел бола алады. Мұндай жағдай тек мереке кездерінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақталуда. Бұл- біздің басты жетістігіміз. Бүгінгі Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылының бастау алуымен барлық ұлт өкілдерін шын жүректен құттықтаймын! Ассамблеяның жұмысты жемісті болсын,- деді Айман Ибрайқызы.

Шешен-ингуш мәдени орталығының өкілі Сұлтан Цумаев та Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы береке-бірлікті сақтауда, нығайтуда, дәріптеуде үлкен рөл атқаратын маңызды институт екенін атап өтті.

— Әлем елдері Қазақстаннан үлгі алуы тиіс деп ойлаймын. Тату-тәтті өмір, жер бетінде бейбітшілік орнасын. Еліміздегі достық пен ынтымақ-береке сақталсын. Мемлекетіміз өркендеп-өсе берсін. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деді өзінің құттықтау сөзінде Сұлтан Цумаев.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуымен украин ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Алла Тригуб та құттықтап, әлемде баламасы жоқ қоғамдық институттың жұмысы жайлы өз ойын айтты.

— Ассамблеяның негізін қалап, осындай ұйымның жемісті жұмыс істеуіне жағдай жасау дегеніміз ұлылықтың нышаны деп білемін. Мәселен, соның құрамына енетін қаламыздағы Достық үйі шаңырағының астында он жеті ұлттық-мәдени орталық бар. Әрқайсысы, әрине, өзінің ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеу мүмкіндігіне ие. Барлығының ортақ мақсаты – татулықты, келісімді сақтау, нығайту. Бүгінгі шараны бір атаның баласындай бірге ұйымдастыруымыз осы ынтымақ пен берекеміздің, келісімді сақтау мен нығайту жолындағы жұмысымыздың жемісті екендігінің көрінісі, дәлелі деп білемін. Бұл игілік болашақта да үзілмесін, жалғасын таба берсін. Еліміздегі барлық ұлт өкілдері тату-тәтті болып, Қазақстанның бақуатты, мықты мемлекетке айналуы жолында бірігіп еңбек ете берейік,- деді Алла Ивановна.

Ассамблея жылының басталуына арнал-ған синхрон-акция аясында қаламызда «Менің елім – Мәңгілік Ел» ұранымен көптеген шаралар өткізілді. Солардың бірі – Орталық алаңда ұйымдастырылған флеш-моб. Шараға қалалық ішкі саясат бөлімі мен Достық үйінің қабырғасында жұмыс істейтін ұлттық-мәдени орталықтар және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Жастар саясаты орталығы ұйытқы болды. Мерекелік флеш-моб барысында үш жүзден астам қатысушы символикалық «ҚХА-20» деген жазуды құрап сапқа тізіліп, бір мезетте «Бірлік», «Ынтымақ», «Келісім» деген жазулары бар шарларды аспанға ұшырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуына арналған шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері мен «Семей қаласының жастар орталығы», Қазақстан студенттер альянсы, «Жас Отан» жастар қанаты сияқты жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

5 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

5 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

5 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

1 день бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

1 день бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 день бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

1 день бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС