"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абайда қысқа дайындық: тәуекел топтағы үйлер тексеріліп, датчиктер қойылды

05.09.2025
Абайда қысқа дайындық: тәуекел топтағы үйлер тексеріліп, датчиктер қойылды
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы қарсаңында тұрғын үй секторында алдын алу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Негізгі назар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне аударылып отыр. Себебі өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке секторда тіркеледі.

Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкельдің айтуынша, 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында тәуекел тобындағы отбасылардың тұрғылықты жеріне барып, пештер мен электр желілерінің жай-күйі тексерілуде, ережелер түсіндірілуде.

«Статистикаға сәйкес, ең қауіпті аймақ – тұрғын үй секторы. Өрттердің шамамен 70 пайызы және адам өлімі жағдайларының 90 пайызы осы секторға тиесілі. 2024–2025 жылғы жылыту маусымында облыста 304 өрт тіркелді, бұл алдыңғы кезеңмен (211 жағдай) салыстырғанда 44 пайызға көп. Өрт салдарынан 12 адам зардап шегіп, 9 адам қаза тапты, олардың ішінде екі бала бар. Қайғылы оқиғалардың басты себептері – балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде төсекке жатып шылым шегу», — деді ол.

Өрттен бөлек, жалын шықпай-ақ көмірқышқыл газынан улану деректері көбейді: өткен маусымда 11 адам қаза тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе артық. Дегенмен әлеуметтік осал отбасыларға орнатылған датчиктердің тиімділігі дәлелденді: Семей мен Жармада дер кезінде іске қосылған құрылғылардың арқасында төрт адамның, соның ішінде бір баланың өмірі сақталды.

Биыл өңірде осал санаттағы отбасыларға датчик орнату бағдарламасы жалғасып жатыр. 2025 жылы мұндай отбасылар саны 30 пайызға артып, 6 733-ке жетті. Қазіргі таңда олардың барлығы датчиктермен толық қамтамасыз етілген.

Алексей Штыкельдің сөзінше, тұрғын үй секторындағы жағдай ерекше бақылауда. «Өрт пен адам өлімі деректерінің өсуін көріп отырмыз, сондықтан мақсатты профилактикалық жұмыстарды күшейттік. Ең бастысы, көмірқышқыл газының датчиктері шынымен адам өмірін сақтап қалады», — деп түйіндеді ол.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫжылыту маусымыкөмірқышқыл газы датчиктеріөрт қауіпсіздігіТЖД

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

19 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

20 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС