"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БІЗДІҢ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ»

14.02.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов Семей қаласына екі күндік іссапармен келіп, қалалық әкімдікте, мектептер мен ЖОО-да жиын өткізді. Кездесулерде ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жем-қорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және  құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

{jcomments on}Мемлекеттік қызметкерлермен кездесу барысында Тоқтамыс Жұмағұлов ең алдымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс бағыттарымен таныстырды.

— Бұрынғы Қаржы полициясы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі таратылып, оның функциялары жаңа құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтті. Жаңа агенттік мемлекеттік қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша, сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет көрсету сынды үш бағытта жұмыс істейді. Агенттіктің ұраны — «Біздің міндет – халыққа қызмет», басты критерийі — Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне деген халық сеніміне ие болу, — деген Т.Қожағұлов жаңа агенттік бұрынғы қаржы полициясының міндетіне кірген тексеру жұмыстары арқылы емес, профилактикалық жұмыстар жасап, жемқорлықтың алдын алу шараларын қолданатындығын жеткізді.

 

— Агенттік жүйелі түрде жұмыс істейді. Сыбайлас-жемқорлыққа тән әрекеттер әшкереленсе, әрекет не үшін орын алды, оның жүзеге асуына кімдер және қандай жағдайлар себепкер болды деген сауалдар зерделенеді. Агенттік негізінде арнайы бөлімшелер құрылып, тексеру емес, жан-жақты сараптама жасалады, — деп ойын ортаға салған Тоқтамыс Қадошұлы жүйелі түрде жұмыс жасағанда ғана жұмыс нәтижесі көрінетіндігін баса айтты.

 

Жаңа агенттік жұмыстары бойынша Елбасының жарлығымен 2014 жылдың желтоқсан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қабылдан-ған. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды жұмылдыру, елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету стратегияны қабылдаудағы басты мақсат болып отыр. Тәртіптік кеңес төрағасы жемқорлықпен күрес белгілі бір агенттіктің, департаменттің немесе басқарманың ғана жұмысы емес, жалпы халық болып жұмылатын мәселе екендігін айтты. Облыс бойынша орын алған жемқорлыққа қатысты статистикалық мәліметтерді ұсынды. Айтуынша, өткен жылдың 12 айы бойынша облысымызда 95 қылмыстық іс қозғалған. Кез келген әрекет жазаланусыз қалмауы керектігін тілге тиек еткен Т.Қожағұлов жүйелі жоспардың арқасында сыбайлас жемқорлықтың саны азаятындығына сенім білдірді.

Жиын соңында  Тоқтамыс Жұмағұлов ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің Семей өңірі бойынша басқарма басшысы ретінде Жиенбаев Қайрат Қажымұқанұлын таныстырды.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізген тәртіптік кеңес төрағасы іссапары барысында қаламыздағы           № 6 мектеп-гимназиясында мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  ұжымымен кездесті. Аталмыш тақырып Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен, ІІБ ОВ 156/15  мекемесі № 35 түзеу колониясы ұжымымен жүздесу барысында да кеңінен талқыланды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

10 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

10 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС