"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?

15.09.2025
Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?
1.1k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осыдан біраз уақыт бұрын Алла Пугачеваның жиені Никита мен қазақ қызы Аиданың арасындағы махаббат көпшілік назарын аударып, көп кешікпей олардың айырылысып кеткені жайлы ақпарат тараған болатын.
2017 жылы Алла Пугачёва́ның немересі Никита Пресняков модель Алена Красновамен үйленді. Олардың жұбы ертегіге ұқсайтын: сән-салтанатты той, жарасымды қарым-қатынас. Дегенмен, баспасөз беттерінде Аленаның әкесі қызының тым ерте тұрмысқа шығуын қолдамағаны туралы жиі айтылып жүрді — ол алдымен қыздың білім алып алуын дұрыс санаған.

Кейіннен ерлі-зайыптылардың айырылысып кетуі мүмкін деген әңгімелер де тарады, бірақ Никита мен Алена бұл сөздерді жоққа шығарып келді. Алайда жақында олар ажырасқандарын ресми түрде хабарлады.
Олардың хикаясы он жылға созылды. Салтанатты үйлену тойы 2017 жылы Мәскеу маңында өтті, бірнеше жылдан кейін олар АҚШ-қа көшіп барды. Үш жыл бұрын Алена Краснова Ресейге оралды.

КРАСНОВАМЕН НЕКЕГЕ ДЕЙІН

Көпшілік ұмытып кеткенімен, Аленамен үйленбей тұрып, Никитаның Аида Калиева есімді қызбен төрт жылға жуық (2010–2014 жж.) елеулі қарым-қатынасы болған.

Олар Нью-Йорктегі Ұлттық киноакадемияда танысты — Аида ол жаққа Work and Travel бағдарламасымен барған. Бұған дейін ол Қазақстанда халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Әкесі жергілікті әкімдікте қызмет етсе, анасы — оқытушы болған.

Аиданың жұлдызды отбасымен танысуы

Олардың қарым-қатынасы тез дамыды — бірнеше айдан кейін бір пәтерде тұра бастады. Жарты жылдан соң, Никитаның атасы Владимир Пресняков-старший Аиданы видеобайланыс арқылы көріп, кейін Мәскеуге оралғанда бүкіл отбасымен танысты. Аида барлығына жақсы әсер қалдырды — оның тәрбиесі мен жұмсақ мінезі туыстарына ұнады.

Олардың махаббаты жайлы көпшілік «Ёлки» фильмі премьерасында білді, олар алғаш рет қызыл кілемде бірге көрінді.

Үйлену ұсынысы және күтпеген айырылысу

Қарым-қатынастары соншалықты берік көрінді, көпшілік үйлену болады деп күтті. 2013 жылы Дубайда демалып жүргенде, Никита су астында «Маған тұрмысқа шық» деген жазуы бар табличка көрсетіп, Аидаға ұсыныс жасады. Аида келісімін берді.

Алайда 2014 жылы олардың қарым-қатынасы аяқталды. Аида бұл туралы көп айтпады, тек бәрі тыныш және бейбіт аяқталғанын айтты.
Кейбір деректерге сүйенсек, Никитаның тығыз жұмыс кестесі жеке өмірге уақыт қалдырмаған. Осыдан кейін оның өмірінде Алена Краснова пайда болды.

Пресняковпен романсынан кейінгі өмір

Айырылыстан кейін Аида өз өмірін жалғастырып,мансабы жолында жұмыс істеуде. Кинода эпизодтық рөлдерде ойнап көрді, кейін сән саласына бет бұрды. Бүгінде Калиева стилист, персоналдық шоппер, сән блогының авторы. Сонымен қатар, ол «Без выводов» атты подкаст жүргізеді.

Жеке өмірі туралы көп айтпайды. Ол махаббатты шын жүрекпен қабылдайтынын, жанында шығармашылық адам болғанын қалайтынын айтады. Оның пікірінше, идеал ер адамдар жоқ, ең бастысы — жақсы қасиеттері кемшіліктерінен басым түссе болғаны.

Никитаның ажырасуына Айданың көзқарасы қалай деген сауалға келер болсақ,
Пресняков пен Краснованың ажырасқаны жайлы хабар тарағаннан кейін, көптеген жанкүйерлер Аиданы еске алды. Тіпті, кейбіреулер Никитаға Аида көбірек сай келетін еді деп жазды.

Аида бұл жаңалыққа алғаш рет пікір білдірді. Ол өз өмірімен әлдеқашан өмір сүріп жатқанын және біреудің ажырасуын талқылауды жөн көрмейтінін айтты:

«Біз көп жыл бұрын айырылысқанбыз, қазір әрқайсымыздың өз жолымыз бар. Қазір болып жатқан жайт — олардың жеке шешімі, мен оған құрметпен қараймын», — деді Аида.

Бүгінде 33 жастағы Калиева Мәскеуде тұрады, бірнеше бағытта қатар дамып, өз кәсіби жолын сенімді түрде жалғастыруда.

Интернеттегі деректерге сүйеніп қазақшалаған және баспаға әзірлеген Ерлан Айқынұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

8 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

9 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

1 день бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС