"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС

17.02.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің әр аймағында Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Көкпекті ауданында да Жеңістің 70 жылдығына арналған ауқымды жұ-мыстар жүзеге асырылуда.

{jcomments on}Үнемі жаңарып отыратын тарих көшінде әлемді дүр сілкіндірген, жарты ғасырдан артық уақыт өтсе де, адам баласы күрсінбей еске алмайтын екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың ғұмыры ерте қиылған еді. Қасиетті күнді жақындатуға абзал арыстарымыздың майдан даласында қосқан еңбегі өлшеусіз. Толағай мен Сарыбелдің арасын алып жатқан      сайын далада орналасқан кішкентай ғана Подгорное ауылының қасиетті топырағынан нәр алған үш бірдей асыл еріміз Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген. Фонов Николай Яковлевич, Седнев Сергей Егорович және Яроцкий Иван Михайлович сынды жерлестеріміз ел тарихында өшпестей із қалдырды.

Келесі 2015 жылы еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Біздің ауданымызда бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Жеңістің 70 жылдығын жоғары дәрежеде атап өту мақсатында дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жауапты органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Көкпекті ауданында бұл мерейтойлы мереке Подгорное ауылында өткізіледі. Шағын елдімекен тұрғындарының үндеуін аудан   халқы мен облыс басшылығы қолдап, бүгінгі күні айтулы мерекеге қызу дайындық жұмыстары жүзеге асуда. Ауылдық округтегі клуб үйі мен мектеп ғимараттары жөндеуден өткізілуде. Үш Батырға арналған ескерткіш саябағы аяқталуға жақын. Ауылдың ішкі және негізгі жолдарына тас төгілді, алдағы уақытта асфальтталады деп жоспарлануда. Орталық көшелерді жарықтандыру мақсатында бағандар орнатылды, бүгінгі күні электр желісіне қосылу жұмыстары жүргізілуде. Апта сайын сенбілік жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындары үйлерінің аумағын абаттандыруда.

 

Бүгінгі күні аудан бойынша соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тізімі анықталды. Ортамызда жүрген майдангерлер саны  14 болса, тыл еңбеккерлері – 66 адам. Оларды әлеуметтік қолдаудың қосымша нысандары бойын- ша шаралар жүзеге асырылуда. Ай сайынғы коммуналдық қызметтерді төлеу, отынмен қамтамасыз ету, баспасөз құралдарына жазу, тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету шаралары қабылданған. Тұрғын үймен қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмайды.

Мектептерде өткізіліп жатқан шаралардың сан алуандылығы қуантады. «Тимуршылар жасағы» жандандырылып, ардагерлермен кездесулер, ерлік сабақтары, мерейтойлық естелік сабақтары, спорттық сайыстар, ән байқаулары, флэш-мобтар сынды патриоттық бағыттағы іс-шаралар көптеп өткізілуде. Мектеп кітапханаларындағы тақырыптық көрмелер, ауызша журналдар, таныстыру сағаттары, дөңгелек үстелдер танымдық байлығымен ерекше.

Ауданда Жеңістің 70 жылдығына арналған 3 кезеңнен тұратын «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты ардагерлердің көркемөнерпаздар байқауы 8 номинация бойынша ұйымдастырылды. Байқаудың гала-концерті аудан орталығындағы Қ.Алтын-баев атындағы аудандық Мәде-ниет үйінде өткізілді.

Жастарымыз да бұл істен шет қалмауда. Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстары туралы аудан жастары арасында дөңгелек үстелдер өткізіліп, түрлі патриоттық акциялар көпшіліктің назарын аударуда. Ауданның барлық тұрғындары қуанышпен қарсы алатын жыл     сайынғы дәстүрлі керуен «Өшпес ерлікке тағзым» ұранымен өткізілді.

2015 жылғы 11 ақпан күні Қ.Аухадиев атындағы селолық округке қарасты Преображенка ауылында облыстық «Азаматтық альянс» төрағасы О.Чернышов, Көкпекті ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбенов және дербес бөлім басшылары, мүдделі мекемелер мен ұйымдардың жетекшілері қатысқан «Еске алу орталығының» салтанатты ашылуы болып өтті. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, олардың соғыстан кейінгі өмірі мен еңбек жолдары туралы жинақталған мәліметтерді сақтау, болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ашылған орталық өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне зор үлес қоспақ.

Жеңіс мерекесі қарсаңында арнайы мемориалдарды, ескерткіштер мен обелисктерді жөндеу жұмыстары ерекше назарда. Аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған 5 мемориал, 5 ескерткіш және 34 обелиск қамқорлыққа алынды.

Майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, бізге бақытты, бейбіт күнді сыйлағандарды құрметтеп, даң-қын көтеру – баршамыздың қасиетті парызымыз. Шағын ғана Подгорное ауылынан шыққан Үш Батырдың үлгісі бүгінгі адамзатты елін, жерін, Отанын, тілін, салт-ғұрпын сүйіп, құрметтеуге баулиды. Бейбіт күн сыйлаған батырлар мен жауынгерлер даңқын әрқашан биік ұстайық, жерлестер!

А. САҒЫНДЫКОВА,

Көкпекті аудандық

ішкі саясат бөлімінің

бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

15 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

15 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС