Semeytany.kz — Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымдары Ұлытау облысы Жезқазған мен Талдықорғанда өткен халықаралық театр фестивальдерінде бас жүлделерді иеленді.
12-16 қыркүйек аралығында Жезқазғанда өткен Ж.Хаджиев атындағы IV халықаралық театр фестивалінде театр құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры Гран-при мен «Үздік спектакль» номинациясына қол жеткізді. Бұл жеңіс жас ұжымның кәсіби шеберлігі мен өнерге адалдығын айқын көрсетті.
Ал бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан «BIKEN FEST» III халықаралық театр фестивалінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахналаған «Абай айтқан “Еңлік – Кебек”» спектаклі де бас жүлдемен марапатталды.
Екі бірдей жоғары баға Абай облысының театр өнерінің әлеуетін айқындап, шығармашылық ізденістің жемісті нәтижесін көрсетті.