"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАУАР САПАСЫ ТАЛАПҚА САЙ

20.02.2015
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі құс етін өндірумен айналысатын «Шығыс Бройлер» ЖШС дамудың даңғыл жолында. Кәсіпорын 2012 жылдан бастап бройлерлік бағытқа бет бұрған. Бүгінгі күні «Шығыс Бройлер» ЖШС—нде құс сою цехы мен жаңа инкубатордың құрылысы аяқталу алдында. Бұған қоса Индустрияландыру картасын өзектендіру бойынша қазіргі заманауи үлгідегі инновациялық шетелдік құрылғылар сатылып алынған. Атап айтсақ, фабрикадағы алдыңғы қатарлы «Pas Reform» инкубациялау құрылғысы мен EMF неміс фирмасының бройлерді сою құрал—жабдығы сапалы өнім алуға мол мүмкіндік береді.

{jcomments on}«Шығыс Бройлер» ЖШС директоры Дәурен Айсариевтің айтуынша, барлық құрылғыларды іске қосу арқылы өнім өндіру көлемін біршама арттыруға және өнім сапасын көтеруге болады.

— Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық кәсіпорындарды қолдау қажеттігін атап көрсетіп, тапсырма бергені мәлім. Соған орай «Қазақстанда жасалған» шарасының басталуы шығыс-қазақстандық тауар өндірушілерді де қуантып отыр. «Шығыс Бройлер» құс фабрикасы 2012 жылдан бері сапалы, экологиялық таза өнімдерді шығаруға бағыт алып келеді. Кәсіпорында 360 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айына 450 тонна тауық етін өндіреміз. Қазір фабрикада 420 мың тауықтың басы бар. Елбасы айтқан «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында тауық етіне арналған жаңа қаптамалар шығарып жатырмыз. Онда «Қазақстанда жасалған» деп жазылатын болады. Алдағы бір айда жаңа қаптама шығып қалуы мүмкін, — дейді кәсіпорын басшысы.

 

Фабрикаға мемлекет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіліп келеді. Субсидия мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы төмен пайызбен несие алған. Кәсіпорын өнімдері Батыс Қазақстан, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларына шығарылады. Өнімді жарнамалау жұмысы да жандандырылған.

 

Фабрика өткен жылы 5 мың тонна құс етін өндірген. Ал биылғы жылы жоғарыда аталған жаңа сою цехы құрылысы аяқталғаннан кейін, өнімді жылына 8 тоннаға дейін арттыру көзделуде. Бұл, өз кезегінде, қосымша тағы 40 адамға тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек. Айта кету керек, фабрика жұмысшыларының жалақылары тұрақты және уақтылы берілуде.

— Елбасының, барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы пайда болу үшін, «Қазақстанда жасалған» акциясына бастама бергені кәсіпкерлерге үлкен қолдау болып отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, қазір барша азаматтар патриот болуы керек. Сонда ғана еліміз өркендей түспек. Өздеріңіз білесіздер, қазір өзге елдерден құс еттері көптеп келуде. Бұл, өз кезегінде, отандық өнімге кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар олардың хи-миялық қоспалары көп. Оның үстіне Ресей мен АҚШ-тан келіп жатқан өнімдерге қарағанда, отандық құс етінің сапасы әлдеқайда жоғары. Алдағы уақытта Елбасының бастамасы арқасында отандық өнімдерге деген сұраныс артады деген сеніміміз мол, — деп түйді өз сөзін «Шығыс Бройлер» ЖШС директоры Дәурен Айсариев.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС