"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САПАЛЫ ҒАЛАМТОР ЖЕЛІСІ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІСІ

28.02.2015
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай аудандық өндірістік телекоммуникация торабы жұртшылықты сапалы әрі үздіксіз байланыс қызметімен қамтамасыз етуде тұрғындардың сенімінен шығып отыр. «Қазақтелеком» АҚ тарапынан ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартып, жеке және заңды тұлғаларды телефонмен және интернетпен қамту деңгейін арттыруда ауқымды жұмыстар атқарып отырған аудандық телекоммуникация торабының бұқара халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіндегі қызметі айрықша, алар орны ерекше. Бүгінде Абай аудандық телекоммуникация торабы аудан бойынша 2577 абонентке телефон қызметін көрсетеді.

{jcomments on}2014 жылдың шілде айында «Ақпаратты Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен «CDMA/EVDO радиоқатынау желісі негізінде ауыл байланысының телекоммуникация желілерін жаңғырту мен дамыту» жобасының аясында «Қарауыл-Еңірекей-Аягөз» бағыты бойынша Жарма ауданындағы Еңірекей ауылының жанында биіктігі 60 метрлік антенна діңгегі орнатылды. Радио-релелі байланыс желісінің жабдығы өткен жылдың қараша айында іске қосылып, пайдалануға берілді.

Аталмыш жоба халықтың аз қоныстанған жерлерін және шалғай жатқан ауылдық елдімекендерді телефонмен және интернет желісімен қамту деңгейін барынша жоғарылатуды көздейді. Өйткені радио-релелі байланыс желісінің жабдығы іске қосылмаған кезде, Қарауыл ауылы бойынша интернет желісіне қосылған абоненттер саны 96 ғана болса, ал жабдықты пайдалануға берген күннен бастап бүгінгі күнге дейін интернет желісіне кең жолақты қатынау қызметіне 367 абонент қосылды. Жұртшылық өз өмірін интернетсіз  елестете алмайтын заманда, бұл — ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жетістік. Бұл да «Қазақтелекомның» көрсетіп отырған қызметінің үлкен сұранысқа ие екендігін танытады.

 

Қазіргі таңда аудандық телекоммуникация торабында Қарауыл ауылының тұрғындарын интернет желісінің кең жолақты қатынау қызметіне қосу жұмыстары жалғаса түсуде. Бұл орайда Қарауылда телефон қызметін пайдаланушы абоненттердің әрқайсысының интернет қызметіне қосылуға мүмкіндіктері зор.

 

Өткен жылдың желтоқсан айында аудандық телекоммуникация торабының өз күшімен «Семей-Қарауыл» бағытынан босаған ЗКП 2х4 кабель желісін Қасқабұлақ ауылына қарай тарту кезінде Қасқабұлақ ауылдық         округінің абоненттері интернет желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Осы құрылыс жұмыстарының арқасында интернет қызметіне 27 абонент қосылды. Бүгінгі күнде осы ауылда интернетке қосылған абоненттердің кең жолақты қатынау қызметінің сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қасқабұлақ ауылына қарасты Бөрлі елдімекеніне жер серігі арқылы жұмыс істейтін SkyEdgе жабдығы құрылып, 8 үйге телефон нүктесі жаңадан орнатылыпты.

«Ауылдық елдімекендерді телефонмен қамту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Абай ауданының ауылдық аумақтары 42 дана негізгі телефон нүктелерімен қамтылды. Жалпы алғанда, Кеңгірбай би және Қасқабұлақ ауылдарының 47 абоненті кең жолақты қатынау қызметі арқылы интернет желісіне қосылды. Аудан көлемінде 2 ауылдық елдімекенде интернет желі-сіне 256 Кбит/с жылдамдықта қатынау үшін және 5 елдімекенде 1000 Кбит/с жылдамдықта қатынау мақсатында SkyEdgе жабдығы арқылы ұжымдық    пункттері ұйымдастырылған.

2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телекомуникация дирекциясының жоспары бойынша Абай ауданында интернет және байланыс желілері қызметінің сапасын одан әрі жақсартып, халықаралық дәрежеге жеткізу мақсатында қашықтығы 186 км «Семей-Қарауыл» бағытына заманауи талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарланып отыр. Аталмыш құрылыс Қасқабұлақ ауылы арқылы жүргізіледі. Мұндай жаңашылдыққа ауысу, өз кезегінде, тұрғындарды «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын жаңашыл үлгідегі қызмет түрлеріне, атап айтсақ  интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қатынауға, сондай-ақ цифрлы «ID TV» теледидарына, ақылды телефон «Id PHONE» қызметіне, қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Құндызды ауылындағы аналогты АТС жабдығы цифрлы АТС-ке ауыстырылады.

Абай аудандық телекоммуникация торабының ішкі жоспары бойынша   биылғы 2015 жылы Көкбай, Медеу ауылдарының аудан орталығымен қатынау желілері жаңғыртылып, интернет желі-сіне қосу жұмыстары аудандық телекоммуникация торабының өз күшімен жасалмақ. Сонымен қатар Медеу ауылдық елдімекеніне 1000 Кбит/с жылдамдықта қатынаудың ұжымдық пунктін ұйымдастыру үшін SkyEdgе жабдығы үстіміздегі жылдың бірінші жартысында орнатылады деп жоспарлануда.

Абай аудандық өндірістік телекоммуникация торабының бастығы Серік Ғылыммедден өз сөзінде:

— Біздің басты мақсатымыз —  аудан тұрғындарына сапалы әрі үздіксіз байланыс қызметін ұсына отырып, қай уақытта болмасын тұтынушыларға қолайлылық тудыру. Қызметіміз осы мақсаттың үдесінен толықтай шыға алып отыр. Алдағы уақытта да, жоспарларымызға сәйкес, халыққа қапысыз қызмет көрсетуде аянбай еңбек етеміз деп ойлаймын,- деді.

Иә, сәтін салып, ғаламтор желісінің қызметіне қол жеткізген ауылдық аға-йынның қуанышында шек жоқ. Өйткені талай жиындарда халықтың басты өтініш-тілегі ретінде ғаламтор мәселесі айтылатын еді. Қарапайым халықты айтпағанда, басты-басты мекемелердің өзінде интернет желісінің жоқтығы болмаса жылдамдығының төмендігі қолбайлау болып, тиянақты жұмыс жасауда өз кедергісін келтіретін. Әр бейнеттің өз зейнеті болатындығы ақиқат қой. Көптен күткен ғаламтор қызметі ауылдағы ағайынның шаттығын арттырды.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

11 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

12 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС