"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨРШІ ЕЛДЕ ҮРЖАРДЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

28.02.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Қытай Халық Республикасының Шағантоғай ауданында Үржар ауданының мәдени күндері өтіп, «Жаңа Жібек жолы» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталмыш шара облыс әкімі Даниал Ахметовтің аймақтардың экономикасын дамыту және көршілес елдермен саяси-экономикалық қарым-қатынас орнату жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Үржарлық делегацияны аудан әкімі Серік Зайнулдин бастап,  Үржар аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының орынбасары Б.Баймұратов, аудан әкімінің орынбасары С.Садуақасов, Мақаншы және Бақты ауылдық округтерінің әкімдері, аудан кәсіпкерлері мен аудан белсенділері, спорт бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің көркемөнерпаздар ұжымы қостап барды.

Қазақстандық делегаттарды ҚХР Тарбағатай аймағы, Шағантоғай ауданы Коммунистік партиясының бірінші  хатшысы Соу И Вей ресми түрде қабылдап, арнайы жиын өткізді. Отырыс барысында Шағантоғай ауданының әкімі Майнұр Жақанқызы мен Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин Үржар ауданы мен Шағантоғай ауданы арасындағы ауылшаруашылық өнімдерінің саудасын жүргізу, бірлесіп кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту, жәрмеңкелер ұйымдастыру және халықаралық мәдени қарым-қатынас орнатуды көздеген шекаралас аудандар арасындағы достық келісімшартына қол қойды.

{jcomments on}Жиында сөз алған аудан әкімі Серік Зинабекұлы:

— Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыстардың сонау көне замандар қойнауынан бастау алатыны баршамызға мәлім. Тағдыр екі елдің халықтарының маңдайына қатарласа өмір сүріп, көршілік байланыста болуды жазған.   Екі ел халқының ұзақ тарихи достық қатынасы бар. Әлемге әйгілі «Жібек жолы» сол халықтардың қоян-қолтық қатынасын жалғап келеді. Бүгінгі нәтиже Ұлы Жібек жолының қайтадан жұмыс жасай бастауына жаңа серпін беріп, қос елдің кәсіпкерлеріне болашақта бірлесіп жұмыс атқаруына, дамуына үлкен үлесін қосатын болады,- дей келе, ҚХР-мен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және бас-қа да салалардағы жан-жақты стратегиялық әріптестігін дамыту  Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екендігін атап өтті. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отырғандығын да жеткізді.

 

— ҚХР, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы, Тарбағатай аймағы, Шағантоғай ауданы әкімдігі тарапынан түскен екіжақты достық даму меморандумын қолдап, барынша үлес қосып жұмыс жасаймыз. Аталмыш келісім аясында екі жақтағы да аудандар дамып, көркейіп, елге септігін тигізеріне кәміл сенемін. Атқарар жұмыстардың нәтижесі әлі алда. Сондықтан болашақта өзара ынтымақтастық шеңберінде бірлесіп істеген жұмыстарымыз нәтижелі болып, алға қойған мақсаттарға жетеміз деп сенім білдіремін,- деген пікірін ұсынып,  екі елдің түсіністігі мен достығы жалғасын табуын тіледі.

 

Шара барысында Үржар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Андасова бастап барған аудандық Мәдениет үйінің директоры М.Кебиспаева, көркемдік жетекшісі Н.Солтабаева, ҚР-ның мәдениет саласының үздігі Г.Темірбекова, «қайраткері» белгісінің иегері М.Искаков және Н.Черубаев, Қ.Сатмұхамбетов, Г.Сат-мұхамбетова, Р.Чүкенова, А.Желдібаева, Ә.Қаниев, С.Ықыласов, С.Шакенов, Е.Қарымсақов, Т.Оразбаева, Н.Анистратова, Д.Ермеков сынды Мәдениет үйінің әртістерінен құралған өнер ұжымы және ауданның белгілі спорт саласының бапкері С.Алтынбеков бастаған топ, суретші Т.Хабидульдин және «Сонар» ансамблінің бишілер тобы өнерлерін көрсетті.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

12 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

12 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС