"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫС

28.02.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында биылғы  жылы Президент сайлауын өткізу жөнінде шешім қабылданып, халыққа ұсыныс жасалды. Бұл өте орынды және дер кезінде жасалған маңызды ұсыныс деп есептеймін. Өйткені Қазақстан Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін 23 жыл уақыт өтіпті. Осы 23 жылдың ішінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының, білікті басшылығының арқасында ғасыр көлемінде атқарылатын жұмыстар істелді.

{jcomments on}1991 жылы Тұңғыш Президент болып сайланып, ел тізгінін қолға алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлына да оңай тимегені анық. Өйткені империялық КСРО тарап, экономикалық байланыстар үзілді. Қазақстанның экономикасы тек қана шикізатқа негізделгендіктен, өндіріс орындары болмады. Алайда «енді не істейміз?» деп халықты үрей билеген уақытта, Елбасы «Алдымен экономика, содан кейін саясат» деп, өзінің тарихи бағытын ұсынып, іске кірісті. 1997 жылы халыққа «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жолдады. Бүгінгі күні осы бағыттың дұрыс екендігін күнделікті өмірден көріп отырмыз. Экономикамыз қарыштап дамып, елдің жағдайы жақсарды. «Қазақстан – 2030» стратегиясы мерзімінен бұрын орындалып, дамыған 50 елдің қатарына ендік.

Қазақстанды бүкіл әлем елдері, оның ішінде ұлы державалар Америка, Қытай, Ресей мемлекеттері, Еуропа елдері,  мойындап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірімен санасатын болды. Мұны Президентіміздің өлшеусіз әрі жанкешті еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Нұрсұлтан Әбішұлының ең негізгі жетістігі 130-дай ұлт пен ұлыс мекендейтін Қазақстанда тыныштық пен татулықты сақтауы, қантөгіске жол бермеуі дер едім. Міне, осындай «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды ары қарай жалғастыру үшін, еліміздің болашағы жарқын болуы үшін Ассамблеяның ұсынысын бірауыздан қолдауымыз керек!

Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық дағдарыстың орын алып жатқанынан хабардармыз. Алайда Президент бұл дағдарыстың алдын алуда. Оған Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы дәлел болмақ. Сонымен қатар 11 ақпан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Қазақстанда экономикалық дағдарыс жоқ, тек қана сыртқы факторлардың әсері бар», — деп атап өткен болатын. Сондықтан әрбір қазақстандық мемлекеттің дағдарыстың алдын алуға бөлген қаржысын бақылауға алып, оны тиімді пайдалану керек.

Ресми деректерге сүйенсек, әлемдік экономикалық дағдарыстың шарықтау шегі 2016 жылға келеді деген болжам бар. Сондықтан Президент сайлауын 2015 жылы өткізу жөніндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын толықтай қолдай отырып, барша халықты да бірауыздан қолдауға шақырамын.

Ержан ҚҰТТЫБАЕВ,

Облыстық мәслихаттың депутаты,

Тарбағатай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС