"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

28.02.2015

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшелерінің мезгілінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы бастамасына қолдау білдіруге арналған жиын өтті. Шараның ұйымдастырылуына жоғары оқу орны әкімшілігі, профессорлық—оқытушылық құрамы мен қызметкерлері, ақпараттық—насихат тобының мүшелері ұйытқы болды. Сондай—ақ жастар ұйымдарының белсенді мүшелері атсалысты.

{jcomments on}Жиынды өткізудегі негізгі мақсат – еліміздің жетістіктерін, мемлекетіміздің нығаюын, ұлтаралық татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сынды құндылықтарды насихаттай отырып, осы бағытта жүргізіліп жатқан саясат төңірегінде топтасу арқылы еліміздің даму қарқыны мен азаматтардың әл-ауқатының артуына қол жеткізе алатанымызға сенім білдіру.

— Ұжымымызбен мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайтынымызды білдіргіміз келеді. Біздің қоғамдағы ұлтаралық келісімді, татулықты Қазақстанның ерекше дамуы жайлы айтуымыз керек. Әсіресе, біздің жастар белсенділік танытуда, оларға барлық жағдай жасалуда. Өскелең ұрпақ еліміздің даму моделінің өзге мемлекеттер-дікінен ерекше екенін біледі, құрмет тұтады, мақтанады,- дейді Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті ректорының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Алма Мұқатаева.

Бұл ойды жоғары оқу орнында жұмыс істеп келе жатқан ақпараттық-насихат тобының төрағасы, философия ғылымдарының кандидаты Махмұт Түйебаев та растап отыр. Өз сөзінде ол Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысына «тарихи бастама» деген баға берді. Үлкен мәні бар екенін атап өтті.

 

— Мұның бірнеше себептері бар деп айтуға болады. Бірінші кезекте қазіргі әлемдік геосаясатқа, жалпы әлемдік дамуға шолу жасайтын болсақ, күрделі кезең келіп отыр. Әлемдік экономикалық дағдарыс, кейбір елдердегі саяси дағдарыс – осының бәрі қоғамдық құрылысы әртүрлі мемлекеттерге белгілі бір деңгейде ықпалын тигізеді. Қазақстанда дағдарыс жоқ. Бірақ біздің көршілес елдердегі қиыншылықтар бізге де әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан келер жылы екі саяси науқанды қабаттастырмай, ағымдағы жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты дұрыс деп есептейміз. Ұжымымызбен бұл бастаманың жүзеге асырылуына қолдау білдіреміз,- дейді Махмұт Мамырбекұлы.

 

Жиын барысында Қазақсатан халқы Ассамблеясының елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысына қолдау білдіретіндері туралы айтқан танымал азаматтардың сөздері қатысушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар басқосу кезінде жоғары оқу орнының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы аталмыш ұсынысқа қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Айрат Бәзенов өз сөзінде елімізде Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныстың уақытында жасалғанын айта келе, оның ағымдағы жылы жүзеге асырылуының маңызы зор екенін тілге тиек етті.

— Парлемент сенаты бұл бастаманы қолдайтындарын білдірді. Ұсынысты Мемлекет басшысының атына жолдады. Заң шығарушы органның жоғарғы палатасы Елбасыға ағымдағы жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты жіберіп отыр. Оқу орнымыздың профессорлық-оқытушылық құрамы мен университетіміздің құрамындағы «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығы осы бастаманы қолдайтынымызды білдіргіміз келеді. Бүгінгі жиынды өткізудегі негізгі мақсатымыз осы. Сайлау – бұл әрқашан сенім. Өйткені біз сайлау арқылы үкіметтің жүзеге асырып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларын қолдайтынымызды тағы бір көрсетуіміз қажет болып отыр. Заңдық тұрғыдан Президент пен Парламентті бір жылда сайлауға болмайтыны жаңа айтылды. Бірақ біз кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдау арқылы мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саясатқа сенетінімзді білдіргіміз келеді,-деді Айрат Бәзенұлы.

Жиын барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері көтерген еліміздіге кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы турасында жоғарыда айтылған сөздерге қосылатындарын тілге тиек ете келе, аталмыш ұсыныстың жүзеге асырылуын қолдайтындарын жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

17 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

17 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

20 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

20 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

21 час бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС