"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТТАР ТАРИФТІҢ КӨТЕРІЛУІНЕ ҚАРСЫ

28.02.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Айбек Кәрімов, дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Сессия барысында жеті сұрақ талқыланды.

{jcomments on}Жиын басында қала әкімі Айбек Кәрімов қалалық жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудағы қаланы дамытуға қосқан үлестері үшін бірнеше азаматқа ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің Алғыс хаттарын табыстады.

Сессия барысында күн тәртібіне сегіз сұрақ ұсынылған болатын. Алайда қалалық мәслихат депутаттары Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтау, шығару және көмуге тарифтерді бекіту туралы мәселені талқылауды кейінге шегеруді ұсынды. Осы ретте мәслихат депутаты Бауыржан Қайрамбаев арнайы комис-сияның мұндай шешімге келуін  былай деп түсіндірді:

— Біріншіден, комиссия қарауына ұсынылған есептік құжаттар бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтау, шығару және көмуге қатысты көпқбатты тұрғын үйлерге арналған тариф тым жоғары болып тұр. Сонымен бірге жеке тұрғын үйдің қалдықтарын шығару бойынша қызмет ақысы бір адамға емес, жеке үйге есептеліп көрсетілген. Бұл қолданыстағы ережеге қайшы. Осы мәселеге қатысты ескертулер арнайы комиссия отырысында айтылған. Сондықтан комиссия мүшелері бұл сұрақты бүгінгі сессияның күн тәртібінен алып тастап, аталған мәселені алдағы сессиялардың бірінде қарауға ұсынуды ұйғарды.

 

Ұсыныс қалалық мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты. Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтау, шығару және көмуге тарифтерді бекіту туралы мәселе күн тәртібінен алынып тасталды. Осылайша, сессия-да жеті сұрақ қарастырылды.

 

Бірінші  кезекте Семей қаласын басқару схемасы туралы мәселе бойынша қала әкімі аппарат жетекшісінің міндетін атқарушы    Айдын Елтай баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылдың 25 тамыз күні қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігіне әділет саласы бойынша берілген функциялар жөнінде айтып өтті. Баяндама тыңдалып болғаннан кейін, қала әкімі Айбек Кәрімов:

— Былтыр орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдар өкілеттілігіне көптеген функциялар берілді. Бүгін, міне, азаматтық хал-ахуалды тіркеуге қатысты, ветеринария саласы бойынша өзгерістер туралы айтылды. Осыған орай, ұсыныстарымызды сессияның күн тәртібіне шығарып отырмыз, — деп, өзінің пікірін білдірді.

Депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Сондай-ақ сессия барысында «Қаланың терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» 2014 жылғы 6 қарашадағы шешімге өзгерістер енгізу, қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы, Семей қаласының аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы мәселелер қаралды. Ауылдық жердегі жұмыс үшін лауазымдық жалақыларына арттыру белгіленген білім және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу, 2014 жылғы 15 наурыздағы «Семей қаласы мәслихатының жанындағы марапаттау комиссиясының Ережесі мен құрамы туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы, Сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерінен босату туралы сұрақтар талқыланды. Мәселелер бойынша жан-жақты мәліметтер берілген баяндамалар тыңдалғаннан кейін, мәслихат депутаттары ұсыныл-ған шешімдер жобаларын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС