"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді: облыс әкімі нақты тапсырма берді

05.11.2025
Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді: облыс әкімі нақты тапсырма берді
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында өңірдегі сәулет-құрылыс нысандарының сапасына арналған жиын өтіп, оған облыстық басқарма басшылары қатысты, қала және аудан әкімдері онлайн қосылды. Жиынды облыс әкімі Берік Уәли жүргізді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаров баяндама жасады. Басқарманың мәліметінше, аймақ басшысының хаттамалық тапсырмасы және Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес қалалар мен аудандардағы 142 нысанда құрылыс сапасына мониторинг жүргізілді. Бұл – облыс құрылғаннан бергі алғашқы кешенді тексеріс, оның нәтижесінде жұмыс кестесіне сәйкестік пен орындалу деңгейі ашық анықталды. Сонымен қатар 183 нысанға бірлескен тексеру ұйымдастырылды. Семей қаласының сәулеттік келбетін бұзып тұрған нысандарды ретке келтіру бағытында да бақылау жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша кемшіліктері бар аудандардың әкімдері мен салаға жауапты орынбасарлары анықталған олқылықтарды жою жоспарын ұсынды. Облыс әкімі құрылыс сапасы мен қауіпсіздігіне, заң талаптарының сақталуына баса назар аударып, салаға жауапты орынбасары Серік Төленбергеновке барлық жұмысты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Бұл мәселе бойынша біз бірнеше рет арнайы жиналыс өткізіп, тапсырма бергенбіз, алайда уақтылы орындалмаған. Кез келген құрылыс нысаны заң талаптарына сай, халық үшін қауіпсіз болуы тиіс. Қаржы бөлінгеннен кейін баршамыз жауаптымыз. Аталған нысандардың құрылысы менің тікелей бақылауымда болады», – деді Берік Уәли.

Қорытындысында облыс әкімі анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімін белгілеуді, бақылау тетігін күшейтуді және Семей қаласының сырт келбетін жақсарту бойынша жеке жоспар әзірлеуді тапсырды.

Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді: облыс әкімі нақты тапсырма берді

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫБерік Уәлиқұрылыс сапасысәулет-құрылыс бақылауСЕМЕЙ ҚАЛАСЫ

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

16 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

16 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

17 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

17 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

18 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

18 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

2 дня бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

2 дня бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС