"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙБЫНДЫ АБАЙЛЫҚ СПОРТШЫЛАР

06.03.2015

Спорт әлеміндегі жағымды жаңалықтар күн санап толығу үстінде. Айбынымызды асқақтатар ұландар халықаралық додадаларда бақ сынап, ел абыройын, аудан намысын биік етуде алдарына жан салмай келеді. Осындай ұландарымыздың бірі жас спортшы, былғары қолғап шебері Дарын Берікжанов Ресейдің Владимир қаласында өткен бокстан халықаралық турнирде жүлделі ІІІ орынға табан тіреді.

{jcomments on}Байрақты бәсекеде 12 мемлекеттен барлығы 200 спортшы қатысып, жұдырық түйістіріп, ерекше шеберліктерін танытты. Спорттық сайыста олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Александр Паветкин жас спортшыларға сәттілік тілеп, өсіп келе жатқан боксшыларға салауатты өмір салтын ұстанудың, дене шынықтырумен айналысудың артықшылықтары мен спорттың адам өміріндегі алатын орнына, мән-маңызына тоқталды.

Дарынның осындай жетістіктерге жетуіне, әрине, спорттағы бапкері Жанболат Ұланның еңбегі зор деп білеміз. Дарынға алдағы уақытта да қажымай-талмай еңбектеніп, ауданның намысын қорғап, биіктерден көріне бер деген тілек білдіреміз.

*****

Қызылорда облысының Шиелі ауданында қазақ күресінен 1996 -1997 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Жиыны 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өткен жарысқа еліміздің барлық аймағынан 400-ге жуық балуандар қатысып, өзара мықтыларын анықтады.

Абай ауданының намысын үкілеп шыққан қазақ күресінің палуандары 82 келі салмақта Қуандық Құсайынов бақ сынап, ІІ орынды қанжығасына байласа, 60 келі салмақта боз кілемде белдесіп, жеңіске деген жігерін танытқан Сұңғат Құмаров ІV орынды иеленді. Дүбірлі бәсекеде І, ІІ орындарды иеленген спортшыларға «ҚР-ның спорт шебері» атағы беріліп,  бұл — жас спортшылардың жігерлерін жанып, жеңіске деген ұмтылыстарын ұштады. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен, кубокпен және медальдарымен марапатталды.

Балуандардың осындай биіктен көрінуі үшін, спортшыларын шыңдаған жаттықтырушы Нұғыманов Айбек Құралбекұлының еңбегін атап өткен жөн. Алдағы уақытта да жас спортшыларды жеңістің төрінен тамашалайтын боламыз деген сенімдеміз.

*****

Таяуда Петропавл қаласында 1997-1998 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдо, самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Аталмыш чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар келіп қатысты.

Байрақты бәсекеде Абай ауданының намысын қорғап, биіктерден көрініп жүрген жас спортшылар да бақтарын сынап, жүлделі орындарды еншілеп қайтқан болатын. Атап айтар болсақ, 73 келі салмақта Руслан Жарқынбаев самбо күресінен ІІ орынды иеленсе, 64 келі салмақта дзюдо күресінен Барыс Қуан ІІІ орын алып, аудан намысын айбарлы етті. Келешекте де спортшыларға толайым табыстар тілейміз. Ал спортқа деген жоғары пайым- пікірлерінің арқасында жанды қолдаулары мен оқу жаттығу жиынына демеушілік жасаған Айдос Қасенбаев, Думан Нариманұлы, Нұрбол Елеубеков, Қуаныш Оразбердин, Қуаныш Аринов, Мақсат Жарылғапов, Серікбол Сыздықов, Қайрат Ақылдасов, Шалқар Есенбаев, Нұрлан Алтыбаев,  Нұрлан Балтақаев, Асқар Қайсақанұлы, Саят Жұмағұлов, Бақытбек Акишбаев сынды азаматтарға алғыс білдіреміз.

Абай аудандық ішкі саясат бөлімі.

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

6 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

6 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

9 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

9 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

10 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС