"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» ОЙЫНЫ ӨТТІ

06.03.2015

Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында жоспар бойынша іс-шараларды ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып тұрады. Оқыту орталығының әрбір қызметкері өзін осы орталықтың бір бөлігі болып сезінуі — қуантарлық жағдай. Осындай бір тамаша көңіл күйде мекемелер мен ұйымдардың басшылары  және мемлекеттік қызметшілері арасында «Маржан сөз» атты «Ғажайып алаң» («Поле чудес») ойыны өтті. «Ғажайып алаңды» оқыту орталығының әдіскер-мұғалімі Әменова Айнаш Әлібекқызы жүргізді.

{jcomments on}Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойларына арналды.

«Ғажайып алаң» ойыны ауданда бірінші рет өткізілді. Ойынды өткізудегі мақсат — ауданның мекемелері мен ұйымдарының басшылары және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілге құрметі және еліміздің өткен тарихы мен мәдениеті жайында сөз қозғау.

І кезеңнің ойыншылары  аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің басшысы Р.Қисамиева, әділет басқармасының бас маманы А.Иманғалиева, құрылыс бөлімінің іс жүргізушісі Қ.Тоқтағазина болды. І  кезеңнің сұрағына мүдірмей жауап берген Р.Қисамиева жеңімпаз атанды.

 

Ал ІІ кезеңде аудан әкімі аппаратының кадр және персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Миятова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Баталов және ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы А.Солтанғазин ойынды жалғастырып, аса тапқырлықпен жауап берген, жылдамдықпен жауап берген Б.Баталов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 3 әріпті тапқан ойыншыға ақшалай сыйлық беріліп, ойыншылардың қызыға ойнауына үлкен септігін тигізді. Ал білім беру бөлімінің әдіскері М.Махамбетова, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің іс жүргізушісі Т.Ильяшева, Бесқарағай колледжінің оқытушысы Б.Кабаева ІІІ кезеңнің ойыншылары атанып, бұл кезеңде Б.Кабаева белсенділік танытып, жеңіске жетті. Ойынға қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Сол сияқты көрермендердің ішінен шапшандық танытып, сұраққа бірінші болып жауап берген жұмыспен қамту бөлімінен Қанағат Қожахметов те сыйлыққа ие болды. Ал ІV кезеңде ҚР Конституциясы жайлы сұрақ қойылып, ақтық ойынға Р.Қисамиева шықты. Берілген минутын сәтті пайдалана білген ойыншы Руфия Ноғайшынқызы бұл сыннан да сүрінбей өтіп, «Супер — ойында» жеңімпаз атанды. Жеңімпазға мақтау қағазы мен бағалы сыйлық табыс етілді.

 

«Ғажайып алаң» ойыны барлық қатысушылар мен көрерменнің көңілінен шығып, өте тартымды өтті. Сондай-ақ басшылар тарапынан 8 Наурыз мейрамы қарсаңында мекемелер мен ұйымдардағы әйелдер қауымымен де «Ғажайып алаң» ойынын өткізу туралы ұсыныс  түсті. Осы ұсыныс қабыл алынып, ойынды өзгеше өткізу жоспарда.

Ү. МИРАШЕВА,

Оқыту орталығының директоры,

Бесқарағай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС