"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ

20.03.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аясында кеше «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ желісі бойынша өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасымен салынған Шугаев көшесі, 159 мекенжайындағы тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтер кезегінде тұрған бірқатар семейлік отбасылар қоныс тойын тойлады. Қоныстанушыларға пәтер кілттерін қала әкімі Айбек Кәрімов салтанатты түрде табыс етті.

{jcomments on}Салтанатты шара барысында ал-ғашқы болып сөз алған қала әкімі Айбек Кәрімов:

— Елбасы барлық деңгейдегі әкімдерге ең алдымен қарапайым халықтың жағдайын жасау керектігін тапсырған болатын. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, елімізде, қаламызда жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Бүгін, міне, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтерге ие болдыңыздар. Қоныстарыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз әрдайым тек шаттыққа кенелсін, — деген тілегін білдірді.

Жолдау аясында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ тұрғын үйлерді ШҚО бойынша алдымен Семей қаласында бере бастағанын атап өткен қала басшысы компания басшылығына ризашылығын айтты.

— Қаланың бірқатар аудандарында зәулім тұрғын үйлер салынуда. Ал сіздер қоныстанып жатқан тұрғын үйге жақын жерде Назарбаев зияткерлік мектебінің ғимараты және СММУ – нің 8 — жатақханасының, сондай-ақ үлкен сауда орталығы салынып жатқанынан хабардар боларсыздар. Сонымен қатар ол жерде әлемдік стандартқа сай заманауи технологиялармен жабдықталатын екі үлкен дәрігерлік орталық, бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер мен балабақша салынады. Сондықтан бұл аудан болашақта қаланың ең көрікті жерлерінің бірі болады, — деген Айбек Мүталапханұлы сөз соңында жұртшылықты келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

 

Өз кезегінде сөз алған «Гордорстрой» ЖШС-нің директоры, «Семмелио-рация» заңдылық тұлғалар бірлестігінің құрылтайшысы Бауыржан Қайрамбаев пен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның басқарушы директоры Еркін Сыздықов та қоныстанушыларды құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

 

Салтанатты шара барысында жаңа пәтерге қоныстанушылардың атынан сөз алған Шарбат Сәрсенбина мен Әмина Өзбекова Елбасының атына және қала басшылығына өздерінің шексіз алғыстарын айтты.

120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйге әзірге 40 отбасы қоныстанды. Қала әкімінің орынбасары Асхат Хосчановтың айтуынша, мұндағы 1 және 2 бөлмелі пәтерлер 20 жылға жалға    беріледі де, 20 жылдан кейін жекешелендіріледі екен. Ал 1 шаршы метрдің жалға алу төлемі 700 теңгені құрайтын көрінеді.

— Былтыр тұрғындарға 200 пәтер берілді. Биыл, міне, бұл тұрғын үйдегі 120 пәтерден бөлек жылдың аяғына дейін тағы да 140 пәтер берілетін    болады. Қазіргі уақытта «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның бағдарламасы бойынша тағы да 2 тұрғын үй салынуда. Алдағы сәуір айында тағы 4 тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жалпы, жылдың аяғына дейін 300-350 пәтерді ел игілігіне беруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам отбасы пәтер кезегінде тұр, — дейді Асхат     Хосчанов.

Қала әкімі Айбек Кәрімов бастаған топ пайдалануға берілген пәтерлерді аралады. Пәтерлерге талапқа сай жөндеу жұмыстары жүргізілген екен.  Пәтер кілтіне ие болғандардың бірі   Бауыржан мен Әмина Өзбековтер — екі бала тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Қала басшысы бастаған мәртебелі меймандарды қуанышпен қарсы алған Серікбол Өзбеков  баспаналы болғаны үшін өз ризашылығын жеткізді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

4 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

4 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

4 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС