"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал Ахметов: БІРЛЕСЕ ШЕШКЕН ІС БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ

20.03.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейге келіп,   шаһарға өткен жолы жасаған іссапарындағы тапсырмалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен  танысты.

{jcomments on}Естеріңізге салар болсақ, өңір басшысы 5 наурыз күнгі сапарында онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының құрылыс жұмысына арналған жиын өткізіп, құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуіне байланысты мердігерлерді қатаң сынға алып, бас мердігер «ИртышГэсСтрой» ЖШС-нің бас директоры А.Изотовтың тарапынан жұмысты аяқтау үшін тиісті шаралардың атқарылмағанын, бұған қоса өңір басшысы мұның абырой әкелмейтінін айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл жолғы сапарында да аймақ басшысы осы мәселе бойынша денсаулық сақтау саласының жетекшілерімен және мердігерлермен тағы да жүздесті.

Жиынға Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов пен ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Юрий Шматко, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников және Семей өңірлік онкологиялық диспансерінің директоры Марат Сандыбаев, «Медтехника» АҚ-ның бас директоры Наталья Шрамченко мен «ИртышГэсСтрой» ЖШС-нің бас директоры Александр Изотов қатысты.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл мәселе бойынша сараптамалық топ жасақталып, сын-ескертпелерге байланысты арнайы кесте құрылған. Жиын барысында мердігерлер мен жауапты мамандардан 15 күн ішінде атқарылған істер жайлы сұраған Даниал Ахметов аталмыш мәселе бойынша межеленген жұмыстарды  атқаруға нақты уақыт берді.

 

Құрал-жабдық тасымалдаушылар да жабдықты құрастыру жұмыстарын аяқтауды кешеуілдетуде. «Медтехника» АҚ-ның бас директоры Наталья Шрамченконың сөзіне сүйенсек, бұл жұмысты тезірек атқару үшін құрастыратын орын қажет көрінеді. Бұл тұрғыда қаржыландырудың да аса маңызды рөл атқаратынын айтады Н.Шрамченко.

 

— Техникалық құжаттаманың тапсырысы бойынша бір апта уақыт беремін. Бұл жұмысты жөнге келтіріңіздер. Ал ПЭТ — 64 мәселесі бойынша ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді енгізуді тапсырамын. 24 наурыз күні «ИртышГэсСтрой» ЖШС Хорватиядан тасымалданатын құрылғыларға қатысты жұмысты толық аяқтауға тиіс, — деп тапсырған Даниал Ахметов барлық ұйымдардың мәселені бірлесіп шешуге, жұмылып жұмыс жасауға шақырды.

Айта кету керек, радиологиялық орталықтың құрылысы 2012 жылы басталып, 2014 жылы аяқтау көзделген болатын.

Бұл жерден кейін облыс әкімі Даниал Ахметов пен қала әкімі Айбек Кәрімов бастаған топ алдағы уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілетін бірқатар нысандардың орнын аралап өтті.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

18 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

22 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС