"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді

19.12.2025
Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжіне барып, оқу орнының жұмысымен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы оқытушылармен және студенттермен пікірлесіп, жастардың практикалық жұмыстары мен жобаларын көрді.

Колледжде заманауи білім беру тәсілдері кең қолданылып келеді. Компьютерлік техникамен жабдықталған информатика кабинеттері, STEM-зертхана, колледж студиясы студенттердің шығармашылық әлеуетін ашып, тәжірибелік дағдысын шыңдауға мүмкіндік береді. Оқу кабинеттері де кәсіби даярлыққа қажетті талаптарға сай жасақталған.

1968 жылы пайдалануға берілген бұл оқу орны өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласында маман даярлайтын іргелі мекемелердің бірі саналады. Қазіргі таңда мұнда 1400 студент білім алса, соның 300-і жұмысшы мамандықтары бағыты бойынша оқып жүр.

Колледж студенттері халықаралық деңгейдегі кәсіби жарыстарда бақ сынап келеді: 2024 жылы Францияның Лион қаласында өткен WorldSkills Lyon чемпионатына қатысса, 2025 жылы Данияның Хернинг қаласындағы EuroSkills Herning додасында өңір намысын қорғады. Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өткен өңірлік байқауда оқу орны «жұмысшы кадрларды даярлайтын үздік колледж» атағын иеленген.

Оқу орны академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Германияның бірқатар өндірістік компанияларымен меморандумдарға қол қойған. 2024–2025 оқу жылында Қазақстан бойынша 22 келісім мен меморандум жасалып, сондай-ақ Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласындағы инженерлік-педагогикалық колледжімен 2 халықаралық меморандум бекітілген. Колледждегі құзыреттілік орталығы халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлауға, WorldSkills бағытындағы қатысушыларды дайындауға және жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттауға жұмыс істеп отыр.

Сапар соңында облыс әкімі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өңір үшін маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.

Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді Аймақ басшысы техникалық кадр дайындайтын колледждің әлеуетін көрді

Мақалада: WorldSkillsБерік УәликолледжСемейтехникалық білім

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23 часа бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

1 день бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС