"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

09.01.2026
Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — облыс әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына еңбегі сіңген ардақты ақсақал Болат Сапорұлымен, ақын әрі мәдениеттанушы Құсмілия Нұрқасыммен және журналист Сүйеубай Байқадиевпен кездесті.

Кездесуге қатысқан Болат Сапорұлы – Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы. Ол «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Еңбек жолында Бородулиха мен Ақсуат аудандарында басшылық қызметтер атқарып, ауыл шаруашылығын реформалау, әлеуметтік нысандарды сақтап қалу, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамыту бағытында елеулі үлес қосқаны айтылды.

Жиында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатында көтерілген мәселелер төңірегінде пікір білдірді. Болат Сапорұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ойларын ортаға салса, Қазақстанның Құрметті журналисі Сүйеубай Байқадиев пен мәдениет қайраткері Құсмілия Нұрқасым мәдениет, әдебиет, руханият саласын ілгерілету, алаш қайраткерлерінің мұрасын кеңінен насихаттау және олардың есімдерін ұлықтау бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде аймақ басшысы өңірде жүзеге асып жатқан ірі жобаларға тоқталып, Президенттің қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясының мән-маңызын атап өтті. Сонымен бірге мәдениет саласында қолға алынған игі істер мен жаңа бастамалардың жалғасатынын айтып, кездесуде көтерілген ұсыныстар назарға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Абайдың 180 жылдығы өткен жылы тұңғыш рет 10 күндік форматта аталып өтіп, мәдени-рухани, танымдық және интеллектуалдық іс-шаралар ұйымдастырылған еді. Облыс әкімінің қолдауымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында Семей өңірінен шыққан 19 автордың 25 кітабы жарық көрді. Сондай-ақ өңірдегі 8 мәдени нысанда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 100 орындық екі ауылдық клуб ел игілігіне берілді. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

Мақалада: Абайға құрметБерік УәлиБолат Сапорұлызиялы қауыммәдениет жобалары

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

22 часа бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

24 часа бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС