"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ – БИЗНЕС ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

28.03.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінде кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Таимбетов, ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық — инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтығұтов, қала басшысы Айбек Кәрімов, Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Игорь Шацкий, аталмыш ұйымның аймақтық кеңесінің төрағасы Әсемхан Досқожанов пен қалалық прокуратура, Ішкі істер басқармасының, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Басқосу барысында бизнес өкілдерінің жұмысына қатысты өзекті мәселелер мен олардың әртүрлі мазмұндағы өтініштері талқыланды.

{jcomments on}Кездесу барысында қарастырылған сұрақтардың бірі Ертіс өзенінің жағалауын бекітуге қатысты болды. Бұл ретте қала әкімі Айбек Кәрімов жүргізілуге тиіс жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгенін атап өтті. Енді арнайы шараларды жүзеге асыру үшін облыстық және республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп күтілуде. 

Кездесуде сондай-ақ бейберекет сауда нүктелерінің заңсыз әрекеттері туралы мәселе қарастырылды. Осыған қатысты сауал қойған жеке кәсіпкер бейберекет сауда нүктелерінің көбеюі өзінің ісіне зиянын тигізіп отырғанын алға тартып, нақты шаралар қолдануды өтінді. Мәселенің мән-жайына қаныққан Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Таимбетов олқылықты түзету бойынша қалалық прокуратура қызметкерлеріне тапсырмалар жүктеді.

— Бұл мәселеге қатысты жұмыстарды атқаруға үш апта мерзім беремін. Осы уақыт аралығында нақты нәтиже шығару керек. Ары қарай да бұл мәселені бақылауда ұстау қажет. Себебі бір рет келіп тәртіп орнатқаннан нәтиже шығуы қиын. Сондықтан жұмыс қорытындысы бойынша маған есеп бере-сіздер,-деді облыс прокуроры.

 

Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан электр қуатын тасымалдаушы кәсіпорындардың әрекеттеріне қатысты шағымдар қарастырылды. Атап айтқанда, «Семей саяхат» фирмасының өкілі «Шығыс энерготрейд» компаниясымен жасалған келісімшартта әрбір он күн сайын қызмет ақысын төлеу қарастырылғанымен, әрбір он күнде тұтынылған электр қуатының өлшемін алу жағы қамтылмағанын айтты. Жиынға қатысушылар мұндай жағдай қазіргі таңда жиі кездесетінін тілге тиек етті. Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Игорь Шацкий аталмыш мәселенің өзекті екенін атап өтті. Сондай-ақ ол электр қуатын тасымалдаушы кәсіпорын тарапынан жіберілетін мұндай олқылықты түзету қажеттігіне де тоқталды.

 

— Қазір облыс бойынша декада сайын қызмет ақысын төлеу қарастырылған, бірақ декада сайын тұтыныл-ған электр қуатының өлшемін алу қамтылмаған келісімшарттарға қол қою ұсынылып келеді. Бірақ бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайсыз. Былайша айтқанда, бұл көрсетілер қызмет түрі үшін жасырын алдын ала ақы алу үшін жасалған. «Шығыс энерготрейд» кәсіпорны да — біздің палатаның мүшесі. Бірақ біз үшін көпшіліктің мүддесі қашан да маңызды,- деді Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі.

Жалпы, жиын барысында оннан астам сұрақ қарастырылды. Барлығы бойынша нақты жауаптар мен тиісті органдарға тапсырмалар берілді. Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер тарапынан да бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС